Сенбі, 23 Қараша 2024
5000 6 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 14:52

Меценат студент жастарға шәкіртақы тағайындады

Отандық филантроп және профессор Оралбек Ботбай Мәскеуде білім алып жатқан студенттерге шәкіртақы тағайындады. Бұл туралы «Жас тұлпар» бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қазақстанда жастардың саны шамамен 4 миллион адамды құрайды. Олардың арасында 2,3 миллион жас – қалада, 1,7 миллионы ауылды жерлерде тұрады. Жастардың қоғамның энергияға толы бөлігі екенін және экономика болашағына салынған инвестиция екенін ескерсек, бүгінде әлемдік қауымдастықта жастар саясатын дамытуға, соның ішінде жастарға берілетін білім гранттары мен шәкірақыларды арттыру өзекті болып қалуда.

Осы бастамаларға сәйкес 1964 жылы Мәскеуде негізі қаланған «Жас тұлпар» қазақ жастар бірлестігі арнайы байқау ұйымдастырған болатын. Байқаудың басты шарты – студенттің үлгерімі және мотивациялық эссе. Байқауға барлығы жиырма үміткер қатысты. Жобаның басты мақсаты дарынды жастардың басын қосып, олардың арман-мақсаттарына жол ашу дейді ұйымдастырушылар. Биылғы байқаудың ерекшелігі – Ресейдегі қандастарымыздың қатысуымен айшықталды.

Сөйтіп, қазылар алқасының ұзақ кеңесуінен кейін екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша он бір студент шәкіртақы иегері атанды. Олар – Мәлика Шайкенова, Наргиз Қажыкенова, Ұлжан Нұғманова, Гүлдана Қылышбекова, Алмас Ысқақов, Азат Мұқаров, Нұрсұлтан Наурызбаев, Нұрзада Сақтағанов, Айша Асанжанова, Тоқжан Оразғали, Айнұр Қиясова.

– Бұл байқаудан алған әсерім ерекше. Қарсыластарым да осал болмады. Әр бір қатысушы білімді. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және өте әділ өтті деп ойлаймын. Жастар жылы Қазақстан жастарына үлкен, әрі тарихи мүмкіндік беріп отыр. Біріншіден, жастардың рухани жағынан кемлденуіне баса назар аудару қажет. Екіншіден, білім мәселесін ескеру керек. Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің қалыптастыру шараларына басымдық берген жөн. Осының нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артады, – дейді жеңімпаз Мәлика Шайкенова.

– Жастарды қолдау ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен үлес қосады. Біздің тараптан жастарға әрдайым қолдау болады. Бүгінгі байқауға Оралбек Ботбайдың өзі қатысып, жалынды жастармен танысты. Ресейде он екі мың қазақстандық студенттеріміз білім алуда. Жастар жылында креативті жобалармен бөлісуге болады. Дегенмен Мәскеуде жастар жиналатын арнайы ғимаратымыз жоқ. Бұл бір үлкен мәселелердің бірі. Егер ел ағаларымыз шет елде жүрген ұшқыр ойлы, талантты жастарға көмек көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамын. Бүгінгі додаға қатысқан студенттерге ризамын. Барлығы өте білімді. Осы орайда Оралбек Қожамжарұлына ойы озық жастарды қолдағанына алғысымды білдіргім келеді, – дейді.

Ал жастарды арасында маңызды іс-шараның өтуіне ұйытқа болған білікті кәсіпкер, атымтай жомарт Оралбек Ботбай мырза да өз ойын ортаға салды

–  Биылғы жылы Жастар жылы осы орайда ел ағасы болып жастарға қамқорлық танытуды парыз санаймын. Екі ұлым да Мәскеуде білім алған, сондықтан мұнда білім алып жатқан жастарымыздың жағдайы маған белгілі. Күні кеше елімізде үлкен өзгерістер орын алды. Елу жылда ел жаңа демекші мемлекетіміздегі өзгерістер елдің дамуына негіз болады деген үміттемін. Біз өзіміздің тарапымыздан азамат ретінде оған атсалысуымыз керек. Жастарды еңбекке шақырамын. Еңбек барлығын жеңеді! – деді Оралбек Қожамжарұлы.

Айнұр Нұрланқызы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5541