Жексенбі, 24 Қараша 2024
3584 6 пікір 1 Наурыз, 2019 сағат 11:34

Трамп пен Ким Чен Ын Ханойдағы саммитте ортақ келісімге келе алмады

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнам астанасындағы кездесуде ортақ келісімге келе алмады. Ақ үйдің АҚШ және КХДР басшыларының келіссөздерінің қорытындысына арналған мәлімдемесінде осылай делінген.

Кездесу бейсенбі күні жоспарланған уақыттан бұрын бітіп қалған. "Екі ел өкілдері келіссөздерді кейін жалғастырады" делінген мәлімдемеде.

Жоспар бойынша, Трамп пен Ким құжаттарға қол қою салтанатын өткізіп, бірге түскі ас ішуі керек еді, бірақ олардың бірі де орындалмады. Трамп пен Ким Чен Ын келіссөздер өтетін орыннан кеткен.

Саммит қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Трамп ядролық қарудан толық бас тарту үшін Пхеньяның Солтүстік Кореяға салынған санкциялардың барлығын алып тастау туралы талабы келіссөздерге кедергі келтіргенін мәлімдеді. Құрама Штаттар Пхеньянның бұл талабын орындаудан бас тартқан.

Дегенмен Трамп, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да КХДР-ға қатысты келіссөздерден нәтиже шығатынына үміттеніп отыр. Помпеоның айтуынша, бұл саммит соған бір қадам жақындатты, бірақ көздеген мақсатқа жету мүмкін болмады. Трамп Киммен "достық" қарым-қатынас сақталғанын атап өткен.

АҚШ президентінің айтуынша, КХДР басшысы оған зымырандық-ядролық сынақтар өткізбеуге уәде берген.

Бейсенбі - Трамп пен Ким кездесуінің екінші күні - Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуы мәселесі талқыланды. Кездесу қарсаңында Трамп "оң келісім" қабылдауға асықпайтынын айтқан. "Қарым-қатынас жақсы болса, оның берері көп болады", - деп мәлімдеген АҚШ президенті. Ким Чен Ын бұл кездесуге бүкіл әлем көз тігіп отырғанын, оның бірқатары "фантастикалық фильм" сюжетіне ұқсайтынын айтқан.

Бейсенбі күні келіссөздерге бес сағат бөлінген, бірақ кездесу бар болғаны үш сағат жалғасты. Бұл - АҚШ пен КХДР арасындағы екінші саммит. Алғашқы кездесу өткен жылы маусым айында Сингапурде өткен. Сол кезде Солтүстік Корея өз қауіпсіздігіне АҚШ кепілдік берген жағдайда, ядролық қарудан бас тартуға келіскен. Бірақ кейін ақпарат құралдары КХДР-дың ядролық сынақтарын жалғастырғанын хабарлаған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560