Жексенбі, 24 Қараша 2024
2968 0 пікір 1 Ақпан, 2019 сағат 12:41

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 92 млрд. теңге сомасына 7 949 өтініш қабылданған

2018 жылдың наурыз айында ҚР Президенті Н.Назарбаев Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеу жариялаған болатын. Бұл үндеудің басты мақсаты – халықты әлеуметтік жағынан қолдау, әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасау еді.

Мәселен, бірінші бастама – “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталады.

Оған сәйкес, 2017 жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілген. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Алайда, халық саны артып келе жатқанын ескерсек, бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан, Президент жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай арзан ресурстар тетігін ұсынды. Ол – “7-20-25” бағдарламасы еді.

Президенттің айтуынша, несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Сондай-ақ, қазір банктер бастапқы жарна құнының 30% , кейде 50 процентін салуды талап етеді. Ал, бұл бағдарлама бойынша алғашқы жарна 20 проценттен аспайтын болады. Н.Назарбаев ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керектігін айтты.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылдың тамыз айына дейін мыңнан астам өтініш қабылданып, 18,6 миллиард теңгеге қарыз алу үшін 1586 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 11,9 миллиард теңге қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, «7-20-25» бағдарламасы аясында биылғы жылдың 30 қаңтарына дейін қарыз беруге 4 612 өтініш мақұлданыпты.

Ресми дерекке сүйенсек, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алуға 92 млрд. теңге сомасына 7 949 өтініш қабылданған. Оның ішінде 55 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 4 612 өтініш мақұлданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560