Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәдениет-әдебиет 11498 0 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 16:40

Мәдени жетістіктер қоғам дамуының бір бейнесі

Еліміз егемендік алғалы әлемдік ареналарда өзіндік бет-бейнесін қалыптастыра білді. Әлем алдында бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танылдық. Бұл бағытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған бірқатар батыл шаралар оң әсерін тигізді. Жас мемлекет болғанымызға қарамастан халықаралық саясатта салмағы бар ел ретінде Қазақстан аты жиі аталып жүрді. Бұған елімізде өтіп жататын түрлі деңгейдегі ірі халықаралық келіссөздер мен саммиттерді айтуға болады.

«Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бас­та­маларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы ке­рек» деген Елбасының осы сөзі қазақ қоғамы үшін бүгінде үлкен мәнге ие болып отыр. Осы ойдың қолдаушысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасын іске қосылды. Аталған бағдарлама бойынша, мәдени-тарихи қа­зы­наларымызды әлем жұртшылығына таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластырудың жауапты кезеңі келіп туғаны айқын сезіледі. Ал Қазақстанның өркениетті дамыған елдердің қатарына қосылуы тікелей осы жобаның жүзеге асырылуына байланысты екені сөзсіз.

Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері болды.  Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.

Сонымен қатар, кез-келген бәсекеге қабілетті қызмет түрі сияқты мәдениет те жіті ойланып барып өмірге бейімделгіш болуы қажет. Бұл бөлім суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармаларды қамтиды.  Бөлімнің мультимедиалық бөлігінде фото,- видео материалдар,  отандық әртістердің орындауындағы бейнелерді көруге, сонымен қатар отандық әртістердің Қазақстандағы және шетелде өтетін мәдени іс-шаралары туралы ақпараттар ала алады. Бұған қоса «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы заманауи қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемге таныстыру үшін әдебиет, гуманитарлық ғылым саласындағы Қазақстандық үздік туындыларын, кітаптар, пьесалар, мүсіндер, музыкалық шығармалар, ғылыми шығармашылық жұмыстарын ілгерілетудің арнайы әдістері арқылы жағдай жасау.

Жер бетіндегі бірде-бір ел қақпа-терезесін тарс жауып, томаға-тұйық өмір сүрмейді. Сол сияқты Қазақстанның мәдени көші де дамыған елдермен тығыз қарым-қатынас жасасуға бағыт­тал­ған деуге толық негіз бар.  Бұл ретте Елбасы ең алдымен, мақа­лада бәсекелестікке қабілетті болу мә­селесіне айрықша көңіл бөлгі­зеді. Қазақ қоғамы үшін бұл қазіргі таңдағы маңызды шарт-талап­тар­дың бірі екеніне мән бергізеді. Яғ­ни, мәдениет жаңа бағытқа бұры­лып, өркениет көкжиегіне бет түзеп барады, деген ойға табан тіре­теді. Қазақстанның әлемдік деңгей­ді бағындырған жекелеген өз тұл­ғалары аз емес, әрине. Жыл сайын өтетін халықаралық өнер байқау­ларында олжа салмайтын қазақтың баласы кемде-кем. Бірақ өкінішке қарай, классикалық музыкалық аспаптарда орындаушылар арасында, опера, балет өнері бойынша өткен халықаралық ірі байқауларда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан дүлдүлдерімізді жыға тани қоймайтынымыз жабырқатады.

Қазақтың дәстүрлі әні мен күйінен классика мен джазға дейінгі сан түрлі жанр. Өткен жылы қазақстандық әртістер шетелдік көрермендерге арнап ұйымдастырған 50-ден астам қойылым осындай жан-жақты әрі ерекше болды. Бастама «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асты. Қазақстандық артистердің бүған дейінгі концерттері шетелдік өнер сүйер қауымды шынайы әсерге бөледі. Беларусь, Үндістан, Швейцария және Корея Республикасы, тағы басқа  мемлекеттердің тұрғындары қазақ халқының өткенінен сыр шертіп, бүгінін баяндайтын  қойылымдарға қол соқты.

Бұдан бөлек, өткен жылдары мә­дениет саласында биыл қаншама айтулы оқиғалар өтті. Мәселен ЭКСПО көрме­сі ая­сында бастау алған Дүние­жү­зі­лік «Астана» театрлар фести­валі, Пла­сидо Домингоның «Опе­ра­лия» халық­аралық байқауы, «Сах­надан сәлем» халықаралық театр фес­ти­ва­лі, «Еуразия» кинофестивалі тәріз­ді ірі жобаларды айрықша атап айтуға болады. Қазақ мәдениетін, ұлт­тық құндылықтарды әлем жұрт­­шы­лығына паш етудің жаңа үлгісі де­геніміз міне, осындай құн­дылық­тарды бағалай білу және дамыту болса керек. Қазір «Жа­һ­анға жария етуге тұратын қан­дай мәдени жау­һар­ларымыз бар, олардың назары­на алдымен қай­сы­ларын ұсынғаны­мыз абзал, жалпы, қазір қай салаға кө­бірек мән берген жөн» деп, сан-са­паттық тұрғыдан саралап, бағам­дауға көңіл бөлінуде. Тағылымы мол тарихи және ерте заманнан ар­қауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүр­лерге негізделген асыл мұраларды жаһанға танытуға мүмкіндік берген ірі жобалар елдегі реформалардың жалғасы іспетті әсер етуде.

Мәдени жетістіктер қоғам дамуының бір көрінісі екені шын. Жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білуі керек.

Бұған қоса, мәдениетті кітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білу керек. Себебі қазір заман барынша оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады.

Жобада суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармалары қамтылды. Соған орай 4 түрлі бағыт айқындалды:

- Әдебиет
- Классикалық және дәстүрлі музыка
- Театр, кино және хореография
- Бейнелеу өнері

Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін оның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі зор болады. Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572