Жексенбі, 24 Қараша 2024
4572 6 пікір 7 Наурыз, 2019 сағат 14:24

Асқар Ақаев: Қырғызстанға оралуға кедергі жоқ

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев "Московский комсомолец" газетіне сұхбат берді.

Журналистің Қырғызстанға қайта оралуға қатысты сауалына ол "кедергі жоқ" деп жауап берген. "Бәсекелестерім менің жағдайым жақсарып, жақында қайтып оралуым мүмкін екендігін сезеді, сол себепті маған қарсы ақпараттық шабуылдар жасай бастады. Жақында кейбір ақпарат құралдары мені "жерлеп" тастады", - деп мәлімдеді Ақаев.

"Дегенмен Атамбаев (Қырғызстанның бұрынғы президенті) билігі кезінде мен екі бауырымды жерлеу үшін Қырғызстанға келе алмадым. Мені әуежайда ұстайтындарын ескерткен. Жээнбеков командасынан мен мұндай қоқан-лоқы естімедім", - деді бұрынғы президент.

Асқар Ақаев – Қырғызстанның тұңғыш президенті. Ол 1991-2005 жылдар аралығында мемлекет басқарды. 2005 жылы 24 наурызда ол халық көтерілісі кезінде елден қашып кетті. Оның биліктен тайдырылуын "қызғалдақ төңкерісі" деп атады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576