Жексенбі, 24 Қараша 2024
2866 2 пікір 12 Наурыз, 2019 сағат 11:04

А. Мамин Түрікменстанның Министрлер кабинеті Төрағасының Орынбасарымен кездесу өткізді

Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түрікменстанның Министрлер кабинеті Төрағасының Орынбасары Мамметхан Чакыевпен кездесу өткізді.

Премьер-Министрдің ресми сайтының жазуынша, кездесу барысында сауда-экономикалық және шекара маңы ынтымақтастығын тереңдету және кеңейту, елдердің транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері талқыланды. Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаяты шекарасында шекара маңы саудасының Арнайы аймағын құру жобасы басымдықта қалып отыр. Сонымен қатар, Түрікменстанда Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру бойынша бірлескен жобаны іске асыру келешегі қарастырылды.

«Біздің мемлекеттердің басшылары – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов – өзара саудада миллиардтық межеге жету міндетін қойды. Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша бірлескен Үкіметаралық комиссия жұмысын жандандыру қажет. Екі ел арасында өзара тиімді экспорттық жеткізулерді ынталандыру құралдарын қолдана отырып, өзара сауда көлемін біртіндеп арттыру және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту қажет», — деді ҚР Премьер-Министрі металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары, азық-түлік, химия өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және басқа салаларда тауар айналымын арттыру керектігін атап өте отырып.

Асқар Мамин сонымен қатар кеше Астанада Үкіметаралық комиссияның кезекті 10-отырысын өткізу ынтымақтастыққа қосымша серпін беріп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік тудыратынына сенім білдірді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608