Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3759 1 пікір 14 Наурыз, 2019 сағат 12:26

Елді еңбекпен қамту жағы ақсап тұр...

Жұмыс барысында көпбалалы отбасылардың жағдайын көзбен талай көрдім.

Қордаланған түйіткілін шешудің жолы жұмыспен қамту, баспана алатын несиенің қатып қалған ережесін жеңілдету.

Үкімет халықты жаппай жұмыспен қамтамасыз етпесе, әлеуметтік проблемалар шешілмейді.

Кеше фейсбукте бір дос жұмыссыз қалды. Алматыда аула сыпырады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік екен. Ешқандай ескертусіз апталдай азаматты бір күнде сенделтіп жіберді .

Сауатты жігіт. Құқығын қорғауға талпыныпты. Оны тыңдайтын құлақ жоқ. Күзетшілер кеңседен қуыпты. Әйтеуір "аш пәледен қаш пәле" деген шығар, еңбекақасын төлепті.
Ол отбасының жалғыз нан табары. Соңғы тиынын санап қалды. Оның үкіметке алақан жайғысы келмейді. Ай сайын әкімдік жағалап, әр баласына 21 мың теңге алуға намыстанады. Жұмыс жоқ. Сауда- саттыққа ебі жоқ.

Елді еңбекпен қамту жағы ақсап тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыссыздық проблемасын шешудің тетіктерін ұсынар деген үміттеміз.

Атыраудағы үкімет өкілдерінің көпбалалы аналармен кездесуін блогердің парақшасынан көрдім. Әйтеуір ел аралапты . Қойылым сияқты.

Бәрінен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің бастамасы мықты. Жұмыс тобы көпбалалы аналардың мәселесін шешуге кірісіп кетті.

Сондықтан нақты іс-шаралардың нәтижесі керек.

Жазира Бегалының facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636