Жексенбі, 24 Қараша 2024
3781 0 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 12:59

Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын",- деп жазылған Жарлықта. Әрі ол Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас Прокуроры Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған. 1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды. 2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды. 2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636