Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4204 5 пікір 19 Наурыз, 2019 сағат 11:35

Биліктегі бір тілділікті жоятын уақыт жетті

Жұрттың бәрі қазақ тілінің неге өз топырағында өркен жаймай отырғанын біле алмай дал болуда. Елімізде тұратын жұрттың 60 пайызы күнделікті тұрмыста қолданып, 80 пайызы ұғынатын, тек 20 пайызы  ғана керек етпейтін қазақ тілі неге дәрменсіз?

Осы орайда барша қазақсатандықтардың санасы мен жадына РФ геосаясатына тәуелді БАҚ үш мифті сіңіріп үлгерді. Біріншісі – қазақ тілінің мемлекеттік маңызды салалардағы қолдану аясы тар деп титулды ұлттың саны мен санасы өскенін есепке алмай, империялық тілдің бұрынғы бір тілділік барша басымдықтарын сақтау. Екіншісі – елдегі Ұлыорыстық империялық-отаршылдық амбициямен әлі күні улануынан арылмаған 20 пайыз алаштық славян қауымдастығының тілді үйренуден бас тартып келуін саяси жетістігіміз деп дәріптеу.

Үшіншісі – қазақ тілінің өзге тілден тікелей сөз қабылдауына сан мыңдаған жерден тосқауыл қойып, оның орына ауызды қу шөппен сүртіп, ТМД-дағы аймақтық бәсекеге қабілетсіз, ғылыми-техникалық негізі жоқ тіл деген қолдан жасалған саяси-қоғамдық мифті әдемі саяси-қоғамдық жадылық қорапқа орап, жұрттың көзін алдауды дәстүрге айналдыру.

Бізге орыс тілді емес, Елбасымыз дәрегейіндегі тілі ана тілінде шығып, қазақ және орыс тілін еркін білетін саяси топтан тұратын түрлі деңгейдегі билік аппараты керек. Орыс тілді «құттықтаймын мен өсіредіні» «қытықтаймын мен осыратын» деп масқарамызды шығарып жүрген биліктегі бір тілділікті жоятын уақыт жетті. Әрі барша құжат мемлекеттік тілде дайындалып, қалған 20 пайыз ел тұрғындарына орысша аударылып ұсынылатын кезең келді.

Қазақ тілділік бірегейлікті өмірге әкелудің  кең көлемді реформасын билік қаламаса, онда төменнен бейбіт түрде тілдік төңкеріс жасаудың дәуірі туды. Сол кезде жоғарыда аталған үш мифтің күлі көкке ұшады.

Біз ана тіліміздің үстемдік құруы үшін осы тақырыпты әр жерде шашырап сөз етпей, тік көтеріле талап ететін бүкілалаштық тіл тәуелсіздігі айлығын жартты жылда бір бейбіт шерумен өткізуді жолға қоюмыз керек.

Биліктің қазақ тілді кадрлары бар. Ендігі жерде «қытықтаймын мен осырадылар» емес, тап олардың мемлекетті басқаруға келуін талап етуге тиіспіз. Біз тек үнсіз бұғып, бабамыздан қалған тілді дәрменсіз етіп отырмыз. Оған тек өзіміз кінәліміз. Тек бейбіт түрде мемлекеттік тілдің үстемдік құруын талап ету уақыт талабы екенін билікке ұқтыратын кезең туды. Оған ат салысу қасиетті борышымыз.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627