Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қарбалас 2857 0 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 10:29

Үкімет пен Ұлттық Банк. Макроэкономикалық саясат жалғасады

Үкімет пен Ұлттық Банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық процестерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясат сақталатыны туралы мәлімдейді.

Үкімет пен Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бұрын берген тапсырмалары мен жариялаған бастамаларын орындайтын болады.

Мемлекеттік бағдарламалар мен құрылымдық реформаларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жалғастырылатын болады.

Биыл экономика өсімі 3,8%-дан төмен емес деңгейде, ал инфляция 4-6% дәлізінде күтіліп отыр.

Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты болжамды қазыналық саясатты жүргізуін жалғастыра береді. Барлық бюджеттік міндеттемелер және әлеуметтік бастамалар толық көлемде орындалатын болады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Ұлттық Банк төмен инфляцияны қолдауға бағытталған болжамды ақшалай-несие саясатын жүргізуін жалғастыра береді. Валюта нарығында, банк секторында және қаржы нарығының басқа сегменттерінде жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Ұлттық Банктің жеткілікті көлемде алтын-валюталық активтері, сондай-ақ теңгенің айырбас бағамына қатысты алыпсатарлық операциялардың алдын алу үшін қажетті құралдары, оның ішінде реттеу құралдары да бар.

Ағымдағы экономикалық ішкі және сыртқы факторлар ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Жағымсыз тәуекелдер көрініс берген жағдайда Үкімет пен Ұлттық Банк олардың салдарын барынша азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051