Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бәрекелді! 4327 19 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 12:16

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, үкімет мүшелер, шетелдік елшілер, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысып жатыр.

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкіліттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін айтып өтті.

" Қасым-Жомарт Тоқаев - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ағылшын, қытай және француз тілдерін меңгерген. Еліміздің басқарушы лауазымындарында үлкен еңбек өтілі бар, еліміздің сыртқы саясаты қалыптасу кезінде сыртқы істер министрі болды. Вице-премьер, министр және премьер-министр, Сенат төрағасы қызметтерін атқарды. Елімізді біледі, оның экономикасын, саясатын біледі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді", - деген еді Назарбаев 19 наурызда телеарналар арқылы айтқан мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Назарбаев Тоқаевтың адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), 2013 жылдың 16 қазанынан бастап ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметін атқарды.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604