Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 28 Мамыр, 2011 сағат 13:04

«Алматы - гүл қала» фестивалі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Алматы - гүл қала» фестивалі өтуде.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - Алматыға гүл қала мәртебесін қайтару, гүл шаруашылығын жандандыру, Қазақстанның мәдени кеңістік аумағын кеңейту, Алматы тұрғындары мен қонақтарын экологиялық таза қала шеруіне тарту, жыл сайынғы гүл фестивалін өткізіп отыруды дәстүрге айналдыру.

Фестиваль театрландырылған көрсетілімдермен басталып, «Королевства пластика» мен «Арт и Шок» театрының әртістері өнер көрсетті. Сонымен қатар, балалар шығармашылық ұжымдары, «Зазеркалье» қуыршақ театры да өз қойылымдарын ұсынды. Шара барысында қолданбалы өнерден, граффити суреттен, көше биінен балалар үшін шеберлік сыныптар, тинейджерлер сайысы өткізіліп жатыр.

Кешке 18-де фестиваль аясында түрлі гүл шоқтармен безендірілген машиналар, байкерлер, велосипедшілер мен музыканттардың үлкен парады ұйымдастырылатын болады. Олар «Мега» ойын-сауық орталығынан бастап, әл - Фараби даңғылы бойымен Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті атындағы саябаққа қарай жүретін болады.

Кешкі бағдарламаны «Наша Казаша» жобасының жүргізушілері ашып, еліміздің эстрада жұлдыздары мен танымал әртістер өнер көрсетеді. Фестиваль мерекелік отшашумен аяқталатын болады.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - Алматы қаласының әкімдігі мен Nicole орталығы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273