Сейсенбі, 6 Қазан 2026
4222 5 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 10:28

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

Ақордада Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті. Оған Президент Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Президенттің көмекшілері қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстан Президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, Президент Әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 800
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1100