Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4388 0 пікір 28 Мамыр, 2011 сағат 13:06

Сенатор Өмірбек Байгелди бастаған жоғарғы палата депутаттары Корея Парламентінің делегациясымен кездесті

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында Өмірбек Байгелди бастаған жоғарғы палата депутаттары Корея Парламентінің делегациясымен, корей Ұлттық Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық тобының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кореяның, оның ішінде парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сенат депутаты Ө.Байгелди корейлік әріптестерін мемлекеттік саяси жүйе мен заң шығару саласындағы жоғарғы палатаның рөлі мен маңызы туралы хабардар етті.

Корей парламентінің сыртқы саясат және сауда комитетінің мүшесі Хи Сан Мунның айтуынша, елордамыз Астана тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қол жеткізген жетістіктердің көрінісі болып отыр. Ол сондай-ақ «Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан ауқымды табыстарға жетіп келеді», деп атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Парламенті мен Корея Парламенті арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669