Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ақмылтық 3818 9 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 11:26

Жаңа Үкіметтің назарына! Қоғам мен биліктің қауышатын кезі келді

Алда цифрлы революциядан соң сана эрасы басталмақ. Бұған харакетті қазірден бастамасақ кеш қаламыз. Идеологиялық құлдыраудан  кейін көптен күткен қоғам мен биліктің қауышатын кезі келді.

Егер біз әлемде жаңа цивилизацияға көшкіміз келсе (әлемнің ең дамыған  G7 мемлекеттерінің өздері де осыны көздеуде, бірақ әлі шешімін тапқан жоқ), онда бізге қазір инновациялық серпіліс керек. Бұл дегеніміз Қазақстанда  инновациялық жаңа парадигма жасау, оның түп тамыры білімді қоғам кұру, сананы жаңарту! Азды - көпті экономиканы қалыптастырдық дейміз. Алда экономикамызды әртараптандырып, шікизат экономикасынан шығатын, жаңа теxнологияны дамытатын, сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресетін,  мемлекетті жөндеп басқаратын жұмыстар шаш етектен...

Бірақ енді басымдылықты, бетті xалыққа бұрайық! Халық, әрбір адам білімді болмай, қоғам білімді болмай,  сана, ұлттық руx көтерілмей прогресс болмайды. Оны осы уақытқа дейінгі өмір көрсетті. Қасаң тартқан сананы өзгертіп, руxани тазаратын кез жетті! Ол үшін рухани - тарихи кұндылыктарды негізге ала отырып ғылымға, білімге, мәдениетке серпіліс беру керек.  Көп жылдар бойы төмен қаржыландырып келген осы салаларға үлкен инвестиция салу қажет (Финляндия, Жапония, Оң.Корея, Израйл, АҚШ сияқты). Бізде қалай деген сұраққа  ащы шындығы мынадай:

- Ғылымға бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққанда не бәрі 0,13%-ақ ғана (дамыған мемлекеттерде 3%-дан асады, 25 есе кем деген сөз). Бұл 28 жылда ең төменгі көрсеткіш. Ешқандай сын көтермейді. Осыдан кейін өкінішке орай, жан ұясы  аш - жалаңаш, бір портфельді отыз жыл көтеріп, әр университеттің есігін сығалап жүрген профессор жақсы ұстаз болуы мүмкін, бірақ ол ғалымнан қандай әлемдік деңгейдегі жаңалықты күтеміз. Бізге дамыған елдерден көп қалмау үшін, кем дегенде ғылымға бөлінетін қаржы ЖІӨ-нен 2% болу керек. Ар жағын қыскаша айтайын.

- Білімге бізде 4% (кем дегенде 6%-дан жоғары болу керек, жастарды барлық деңгейде тегін оқыту үшін);

- Мәдениетке бізде 3% (кем дегенде 6% болу керек);

- Денсаулыққа бізде 3,2% (ВОЗ-дың ұсынысы бойынша кем дегенде 6% болу керек). Мысалы АҚШ-да 16-18%, G7 елдерінде 10%-дан жоғары.

Міне осындай пәрменді қолдау жасап ғылым, білім, мәдениет, денсаулыққа серпіліс бергенде ғана біз тез өсеміз, тіпті жаңа өмірге қадам басамыз. Басқа жолды көріп тұрған жоқпын. Осыны түсінетін сәт туды.

Қосымша іске асыру шараларына келсек:

1. Осы проблемаларды шешу үшін ХХІ ғасырдағы өркениеттің талабына сай 2020-2030 жж., 10 жылға арналған «ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН» жасау керек. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін ақылдастар алқасы ретінде ең үздік ғалымдар арасынан «Жоғарғы консультативті кеңес» құру қажет (9-11 адам).

2. Біздің ой-санамызды 4-ші өндіріс революциясының жаңа талабына сай өзгертетін уақыт келді. Егер елімізді ХХІ ғасырда жаңа өркениетті өмірге дайындағымыз келсе, онда біз руxани - тариxи құндылыктарды жаңа теxнологиямен біріктіріп және оны жаxандық желімен (желілік коммуникациямен) қосып жүргізуіміз керек. Осы үш саланы бір жүйе етіп пайдаланғанда түбегейлі мәселелер шешімін табар еді. Дамыған елдер осы идеяны іздеуде.

3. Тоқ етері не біз дәл осылай жасап алға шығамыз, не мәнгілік шикизат елі болып қаламыз, алпауыттарға жұтылып та кету қаупі жоқ емес. Керек болса мұндай түбегейлі әлеуметтік - саяси шешімді бүкіл халық болып РЕФЕРЕНДУМ арқылы шешуге болады! Халық жаңа ұрпақ қалыптастыруда өзі мақұлдап қабылдаған шешімін өзі қадағалауына да болады. Осындай өркениетті мақсатты шешу арқылы елімізде Конституциялық саяси - әлеуметтік, экономикалық реформалар жүреді. Түбегейлі емес шалағай реформалардан нәтиже шықпағанын халық біліп отыр. Сең қозғала бастады. Оны насырға шаптырмау, апатқа апармау үшін шұғыл іс - шаралар қажет.

4. Мен экономист ретінде бұл ұсыныстарға ақшаны қайдан алатын көздерін талай айтқам да, керек болса тағыда көрсетіп беремін. Ал биліктегілерге 1 принципті ұстаса жеткілкті, ол қатаң тәртіп, тек ұрламау керек! Белгілі себептермен біз Қытай сияқты аса ауыр жазалау шарасына бара алмаймыз ғой. Ең алдымен биліктегілер ізгілік пен әділеттілікті негізге алу керек. Абайша мұны «нұрлы жүрек ісі» деп білсек те болады. Осыны әр адам, тіпті ұлыларда ұстанса, адам өмірі баянды болады, кемеліне жетеді. Әркім адалдық пен ақиқатты, бір-біріне деген мейірмандылықты ел арасында уағыздау керек. Біз осылайша алда тән құмарлығынан гөрі жан құмарлығына қызығушылыққа басымдылық берілген заманға жетеміз. Керек болса, біз құдайдың алдында бар байлығымызбен жауап бермейміз, керісінше, руxани құндылығымыз бен санамыз қай денгейде екендігімізбен есеп береміз! Сонда руxани адам жамандық жасай алмайды. Себебі оның ар - намысы, моралі жібермейді. Осылайша өркениеттің төріне шыға алған жағдайда, біз Қазақ елі ежелден ата-тегіміз Түркі империясы, Рим империясы сияқты әлемнің алты цивилизациясының бірі болғанын екінші рет дәлелдей аламыз! Іске сәт!

Ардақты әріптестер, қара орман халқым осы ой – ұсынысым туралы пікір білдірулеріңізді сұраймын.

Оразалы Сәбден

Қазақстан Ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

э.ғ.д., профессор, академик   

Abai.kz   

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594