Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3478 0 пікір 28 Мамыр, 2011 сағат 13:12

Таразда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған республикалық семинар-кеңес өткізілді

ТАРАЗ. 28 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті өкілдерінің және Алматы, ОҚО және Қызылорда облысы ІІО басшыларының қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтті,деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Басқосудың басты мақсаты тәжірибе алмасу, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алудағы өзекті мәселелерді талқылау және тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша ҚР Заңнамаларын зерделеу болды.

Семинар-кеңеске ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР ӘМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері қатысты.

Республикалық семинар-кеңесті ҚР ІІМ ӘПК төрағасы полиция полковнигі Қайрат Тыныбеков ашты. Бұдан соң Жамбыл облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов сөз алып, мақсатты басқосуға қатысушыларға сәттілік, алдағы еңбектеріне жеміс тіледі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облысы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармалары басшылары «Қорғау нұсқамасын шығару және ерекше талаптар қою бойынша қабылданып жатқан шаралар», «Учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік қадағалауда тұрған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылау жөніндегі қызметі», «Қайталанатын қылмыстардың алдын алу мәселесі бойынша қылмыстық атқару жүйесімен өзара байланыс» атты тақырыптарды, сонымен қатар оларға қатысты қабылданып жатқан шаралар, оң жағдайлар мен проблемалық мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Мақсатты жиын барысында құзырлы органдардың өкілдері де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Қызу талқыламалар жүргізілді және көкейкесті сауалдарға ортақ жауаптар алынып, ең құндысы - азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермейтіндіктері айтылды.

Семинар-кеңес соңы Жамбыл облысы ІІД әкімшілік ғимараттарын көрумен жалғасты. Қоғам сақшылары ІІД Жедел басқару орталығын, мұражайын, генералдар Аллеясын, Тараз қаласының ІІБ 12, 16, 21-УПП, сонымен қатар «Қарахан баба», «Айша бибі», «Тектұрмас» кесенелерін аралады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279