Қорғаныс министрлігінің орынбасары жауап беру кезінде кеңсе пышағымен өзін жарақаттауға әрекет жасады, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ – ҚР ҰҚК
Алматы. 15 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Израильдің «IMI» және «Soltam Systems Ltd» компанияларының Қазақстанға қарулану және техника жеткізуіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов ҚР ҰҚК тергеушісінің кабинетінде кеңсе пышағымен өзін тамағынан кесу әрекетін жасаған. Бұл ақпаратты ҚазТАГ агенттігіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметі қуаттады.
«Оқиға 9 маусымда Қажымұрат Маерманов тергеушінің кабинетінде осы іс бойынша жүргізілген сараптамалардың актілерімен танысқанда болған. Ол кеңсе пышағына жармасып, мойнын кесуге әрекет жасады», - деп түсіндірді ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.
Оның айтуынша, ҰҚК қызметкерлері сол сәтте күдіктіге медициналық көмек көрсетті.
«Пышақтан мойнына түскен жара Қ. Маермановтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейді. Қазіргі уақытта ол ҚР ҰҚК тергеу оқшаулағышында қамауда отыр», - деп толықтырды К. Бекназаров.
Бұрын хабарланғандай, сәуір айының басында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маермановты қамауға алды. 2009 жылдың 10 сәуірінде ҰҚК тергеу департаменті оған айып тақты.

К. Бекназаровтың айтуынша, бұл қылмыстық іс 2008 жылдың тамызында қорғаныс министрлігінің 82 млн АҚШ доллары көлеміндегі бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану туралы анықтаған есеп комитетінің материалдарын тергеу алды тексерудің қорытындысы бойынша қозғалды. Ол атап көрсеткендей, «ҰҚК қылмыстық істің шеңберінде Қазақстанның «Найза» дүркін от реактивті жүйелерін және «Семсер», «Айбат» артиллериялық жүйелерін жаңарту бойынша Израильдің Imi және Soltam-Systems фирмаларымен келісімшарттар жасасу кезінде қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары жол берген жемқорлық әрекеттері тергеліп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, «келісімшарттар 2006 жылдан бастап қорғаныс вице-министрі Қ.Маермановтың тікелей басшылығымен жасалған», деді баспасөз хатшысы.