Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4016 13 пікір 22 Наурыз, 2019 сағат 19:06

Елбасының шешімі

Елбасының шешімі дұрыс деп,ойлаймын. Бұл әрине менің өз пікірім. Борис Ельцин:"Берегите Россию" деп кеткенде мен жылаған едім.

30 жылғы еңбекті көре білейік.Ешкім Президент болып тумайды.Президент болудың эталоны жоқ. Аспандағы Күнді де, бірде ыстық, бірде суық деп жақтырмаймыз. Президентте тірі жан, қателеседі. Кемшіліксіз жан жоқ. Біткен істің бәрі жақсы деген, халқымыз.Жұмыстың жақсы жағын көре білейік.

Астанадай қала тұрғызу, оның айналасын орманға айналдыру. "Болашақ" программасымен жастарға білім беру, шет елдік тәжірибелерді елде іске асыру үлкен жұмыс.Шеттегі қандас бауырларды елге оралту, оларды орналастыру. Шет елдегі қазақ диаспораларына көңіл бөлу. ЭКСПО-17 өткізу. Америкада қазақ тілінде сөйлеу, көптеген облыс орталықтарын жаңалап қалыптастыру. Жолдарды жөндеу. Айта берсек жұмыс көп.

Әрине, бәрінде ақсау бар, кемшілік бар.Солай бола тұрса да жұмыс істеліп жатыр.Кемшілікті бәріміз көргішпіз.Жұмыссыздық, аналар проблемасы, тұрғын үй-баспана проблемасы т.б. көп. Жақсылықты көріп, оны айтуға келгенде қиналамыз.

Алдағы уақытта осы істерде кеткен кемшіліктерді жаңа басшылар қолға алып, жасайды деген үміттемін.

Мен саясатшы емеспін.Менің қарапайым адамның бірі ретіндегі өз пікірім.

Жарқын Утешова

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588