Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3618 3 пікір 23 Наурыз, 2019 сағат 14:09

«Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қолдаймын»

«Nur Otan» партиясының Хатшысы Илья Теренченко Астананың атауын өзгерту бастамасын қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ұлы тұлғаның есімін елдің астанасына беру болашақта бұдан да зор, ауқымды жеңістерге себепші болмақ.

«Астанаға Елбасының есімін беруді қазақстандықтардың Тұңғыш Президентіміздің мемлекеттің қалыптасуына сіңірген орасан зор еңбегіне көрсеткен құрметі деп білемін. Сондықтан осы бастаманы толық қолдаймын. Бұл – әділетті әрі дұрыс шешім. Өйткені Астана Елбасының төл туындысы. Бас-аяғы 20 жылдың ішінде шағын қаланың орнында Қазақстанның брендіне айналған дамыған ірі мегаполис пайда болды. Бүгінде еліміздің барлық өңірі осы Астанаға қарап бой түзейді. Бұл Елбасының ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз», – деді Илья Теренченко.

Сондай-ақ ол Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен жеңістерінің барлығы Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты екенін назарға алды.

«Елбасының елдің жаңа астанасын салу туралы шешімі дамуға тың серпін берген тарихымыздағы ең маңызды қадам болды. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлғаның есімін бас қаламызға беру еліміздің одан әрі дамуына оң әсерін тигізетініне сенемін», – деді «Nur Otan» партиясының Хатшысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588