Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
4219 12 пікір 23 Наурыз, 2019 сағат 15:19

Президент әкімдерге имидждік іс-шараларды азайтуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге имидждік іс-шараларды азайту туралы тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасы жазды.

"Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Қазір орталықта және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайту керек. Мен Үкіметке, әкімдерге осындай тапсырма жүктеймін. Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет. Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз.

Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031