Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3183 3 пікір 25 Наурыз, 2019 сағат 11:14

АҚШ бас прокуроры Мюллер баяндамасы жайында: "Ресеймен құпия келісім болмаған"

АҚШ бас прокуроры Уильям Барр арнайы прокурор Роберт Мюллер тобының 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің араласуы жөнінде күдікті зерттеу қорытындысында Дональд Трамптың заңды бұзу фактілері анықталмады деп мәлімдеді.

Ол сонымен бірге бұл шешім президентті "ақтамайды" деді. Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп зерттеу қорытындысын "толық ақтау" деп есептейді.

Мюллер Ресейдің араласуымен бірге ресейлік шенеуніктердің Дональд Трамппен байланысын да зерттеген.

24 наурызда АҚШ әділет министрлігі арнайы прокурор Мюллер жинаған құжат "дәлелді айғақтар келтіру үшін жеткілікті емес" деп мәлімдеген.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, тергеу тобы осы уақытқа дейін зерттеу барысын БАҚ пен қоғамнан жасырып келген. Зерттеу барысында 34 жеке тұлға мен екі заңды тұлғаға 200-ден астам айып тағылған. Олардың арасында 26 Ресей азаматы бар.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясында жұмыс істеген алты азаматқа айып тағылды: ұлттық қауіпсіздік бойынша президенттің бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн, сайлауалды штабының бұрынғы жетекшісі Пол Манафорт, президенттің бұрынғы кеңесшісі Рик Гейтс, Трамптың бұрынғы жеке адвокаты Майкл Коэн, бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоун.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031