Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6812 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 07:12

Мемлекеттік тілді дамыту институтының сайты

http://mtdi.kz/

Тақырыптық номинациясы:мақалалар, сұхбаттар, тіл полициясы, қызмет көрсету;

Ресурстық тілі: қазақша;

Ашылған уақыты: 2011 жыл;

Меншік иесі: мемлекеттік тілді дамыту институты;

«Мемлекеттік  тілді дамыту институты» ЖШС мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға өз тарапынан үлес қосу үшін құрылған. Негізгі қызметі:
- Орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау. Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу, лингвистикалық кеңестер беру;
- Жеке адамдарға, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрететін деңгейге бөлінген топпен және жекелей оқытатын курстар ұйымдастыру;
- Тіл үйрететін, қазақша іс жүргізетін, аудармамен айналысатын мамандарға арнап біліктілігін арттыру курстарын жүргізу, курстарды сәтті аяқтағандарға сертификаттар беру. Мемлекеттік тілді дамыту институты тіл біліміне қатысты ғылыми зерттеулермен  айналысады. Тіл білімінің барлық (әлеуметтік лингвистика, функционалды грамматика, деңгейлік грамматика және т.б.) салаларына қатысты іргелі зерттеулер жүргізеді. Онда ғылыми жұмыстармен шұғылданатын тәжірибелі ғалымдар жұмыс істейді.

Институт баспа өнімдерін шығарады. Бізде кез келген тапсырысты қолжазбадан бастап баспа өнімдеріне дейін жеткізетін білікті мамандар жұмыс істейді. Қолжазбаны теру, редакциялау, беттеу, корректорлық тексеруден өткізу, дизаиндік жұмыстар, мұқабасын дайындау сияқты жұмыстарды сапалы әрі жылдам орындап береді және мұқабасы әртүрлі (қатты, жұмсақ) кітаптардың таралымын 1000 данадан 10000 данаға дейінгі көлемін аз ғана уақытта шығарып бере алады.   Институт 2009 жылы 10 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету қауымдастығына мүше болып қабылданды. (№5 сурет) Институт жеке адамдардың бастамасымен құралғандықтан Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлердің өркендеп дамуына аса мүдделі. Сондықтан мемлекеттік сатып алуларға қатысып, алған тапсырыстарын уақытылы әрі сапалы орындауға барын салып келеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279