Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2545 0 пікір 25 Наурыз, 2019 сағат 12:50

Үкімет басшысы А.Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары

23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалу барысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында Аскар Мамин Талдықорған қаласының дамуымен танысты, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға арналған әлеуметтік нысандарды аралады және өңірде индустрияландырудың дамуымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайты жазды.

Нысандарды аралау кезінде Премьер-Министр өңірде Тұңғыш Президент - Елбасының «Әлеуметтік қамкорлық» бастамаларының, индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларының және «7-20-25» бағдарламасының, «Денсаулық» денсаулық сақтау, сондай-ақ АӨК, цирфландыру және туризм саласының бағдарламаларының жүзеге асырылу сапасын тексерді.

Салынып жатқан тұрғын үй алабын аралау кезінде Премьер-Министр өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. А.ж. мамыр айында 16 қабатты тұрғын үйлерде 230 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй алабының жанында әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінген: тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында 50 орын қарастырылып, онда медициналық пункттер орналасатын болады. Сонымен қатар, клиникалық-диагностикалық бөлімнің ашылуы жоспарланған.

«Әлеуметтік қамкорлық» әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында облыста жалпы аумағы 26 мың ш.м. болатын 420 пәтерлік 10 жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Биыл жалпы аумағы 19,4 мың ш.м. болатын 8 тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 300 отбасыны, оның ішінде көпбалалы отбасыларды да, пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады. Жалпы, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыста 35 перспективалы тұрғын үй алабы айқындалған. 2022 жылға дейін жалпы аумағы 1 млн ш.м. болатын 1 мың үй салынады. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер бұл бағдарлама бойынша 145 өтінімді мақұлдаған.

Сонымен қоса, сатып алатын тұрғын үйі үшін бастапқы жарнаны төлеуде облыс азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. Бұл көмек көп балалы отбасыларға, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері болып табылатын бюджет саласының қызметкерлеріне көрсетілетін болады. Төлемдер төлеуді бастау үшін барлық қажетті рәсімдер жүргізілді, қаражат аудандарға бағытталды, оларды биыл наурыз айының соңында - сәуір айының басында беру көзделген. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында сонымен қатар азаматтарға жеке тұрғын үй салу үшін тиісті инженерлік инфрақұрылым жүргізумен жер телімдері ұсынылады.

Осында Премьер-Министрге қаланы абаттандыру жоспары ұсынылып, құрылыс барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, өңірлік және қалалық газдандыру сұлбаларын іске асыру мәселелері қаралды.

Өңірде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралармен А. Мамин көпбейінді аурухана жұмысының мысалында танысты. Магнитті-резонансты томография кабинеті мен өткен жылдың желтоқсан айында ашылған ахуал орталығы қаралды. Жаңа технологиялардың арқасында, Орталық онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға, сонымен қатар пайыздық қатынасында олардың ықтималдығын айқындауға мүмкіндік береді. Күніне орталықта 10-15-ке жуық емделуші тексеруден өтеді. Барлық кабинеттер жоғары кәсіби диагностикалық монторлармен жабдықталған, жасанды интеллектіні қосу мәселесі пысықталып жатыр. Орталықта бірыңғай ақпараттық жүйемен облыстағы 13 медициналық мекеме біріктірілген, бұл компьютерлік, магнитті-резонансты томографияны, рентгенографияны т.б. тексерулерді қоса алғанда, барлық радиологиялық тексерулерді орталықтандыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министрге сонымен қатар медициналық ұйымдар желісін дамыту, медициналық мекемелерді цифрландыру және техникалық жарақтандыру, сонымен қатар кадрлық әлеуетін арттыру және дәрігерлердің жүктемесін азайту туралы баяндалды.

Мәселен, 2018 жылы 18 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталған, оның 15-і қазіргі таңда пайдалануға берілген. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста жалпы өлім-жітім 2%-ға, сәбилер өлім-жітімі 7%-ға, қан айналымы жүйелері ауруларынан өлім-жітім 7,9%-ға, туберкулезден өлім-жітім 12,5%-ға, қатерлі ісіктерден өлім-жітім 1,5%-ға төмендеген.

Облыс орталығында А. Мамин сонымен қатар «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады, бүгінгі таңда мұнда ауыл шаруашылығы, құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жерге 1,6 мың жұмыс орнын ашумен барлығы 70-ке жуық кәсіпорынды орналастыру көзделіп отыр. Премьер-Министрге сонымен қатар Алматы облысында алты индустриялық аймақтың («Талдықорған», «Береке», «Боролдай», «Қайрат», «Арна» және «Қазбек бек») даму жобалары таныстырылды. Облыс әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, инвестициялық нысандар орналастырылатын аумақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Барлық нысандар құрылысын 2020 жылы аяқтау көзделіп отыр. Жалпы, индустриялық аймақтар аумақтарында 8 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен 300-ден астам кәсіпорын орналастыру мүмкіндігі бар.

Индустрияландырудың дамуымен танысу «Қайнар АКБ» аккумулятор шығару зауытында жалғасты. А. Мамин жұмыс цехтарын аралау кезінде технологиялық процеспен және шығарылатын өнім желісімен танысты. Зауыт бұрын қолданыста болған аккумуляторларды қайта өңдейтін жаңа жабдықтармен жарақталған. Кәсіпорын автоматты режимде аккумулятор батареяларды құрастырумен айналысады. Сонымен қатар мұнда қорғасын ленталар мен электродты пластиналар өндіріледі. Зауыттың қуаттылығы жылына 3 млн бірлікті құрайды.

Талдықорған қаласына жұмыс сапарының соңында А. Мамин Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда қызмет көрсету бойынша жұмыстармен және ШОБ даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің назарына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде туризмді, АӨК, Алматы қ. маңын дамыту бойынша жобалар ұсынылды. Бұдан өзге, Алматы облысының Әлеуметтік картасы таныстырылды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031