Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6042 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 13:42

Оққа байланған оғыландар – Жаңалықта жатыр

31 мамыр. Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

1917-1991-нші жылдар аралығында Қазақстанды отарлаушы совет өкіметі қазаққа орны толмас қасірет әкелді. Анығының өзі ақылыңнан адастырады. 1921-1922 - ашаршылық, 1927-1931-қазақтың жекеменшік мал-мүлкін тәркілеу, 1931-1933 ж.ж. жаппай ашаршылық, 1937-1938 -  саяси қуғын-сүргін, 1941-1945 - екінші дүниежүзілік соғыс, 1946-1953- ғылым саласындағы қудалаулар, тың игеру, ең аяғы 1986-Желтоқсан көтерілісі.

Қазақстан билігі Тәуелсіздік алғаннан соң алты жылдан кейін 1997-нші жылы 31нші мамырды саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні етіп жариялады. Сол уақыттан бері жыл сайын Алматы облысы, Іле ауданының Жаңалық аулының жанындағы 4500 нақақ атылған жандардың жатқан жеріне қойылған ескерткіштің  қоршалған аумағына жұрт жиналады. Гүл қояды. Ас береді. Сөйтіп, тарқасады. Биылда дәл былтырғыдай болды. Жаңалыққа - ата-анасын, туған-туысын жаназасын шығарып, өз қолынан арулап қоя алмаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары жиналады. Көптің ішінде көңіліне ыстық аяулы жан жатқан шығар деген үмітпен келіп, іштей егіліп қайтады.

Саят Жансүгіров, ақын Ілияс Жансүгіровтің ұлы:

-Оқу бітірген соң да жұмысқа Мәскеуден Сібірге сұрандым. Ондағы ойым, бәлкім, әкем лагерлердің бірінен кезігіп қалар деген үміт еді. Амал не, таба алмадым. Кейін атылып кеткенін айтты ғой. Одан кейін ақталды. Міне, ылғи осында келіп, әкемізбен кездескендей күй кешіп жүреміз, қарақтарым.

Ауыз толтырып айтарлықтай өтемақы аламыз деп айта алмаймын. Соғыс ардагерлеріне теңестіріп, азын-аулақ тиын-тебен береді. Ел қатарлы күнелтіп жатырмыз.

НКВД -ның жендеттері 1937-1938-нші жылдары Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бастаған қазақ зиялыларын бір түнде атып, Жаңалық аулындағы құлағалы тұрған үйлердің іргесіне тастаған да мәйіттердің үстінен қабырғаларды құлатып кете берген.

Жаназасы шықпаған игі жақсылардың жүзін уақыт топырағы жасырып келді.

Бертінде Жаңалық аулының балалары адамның бас сүйегін доп қылып теуіп жүрген жерінен ересектер көріп, үкімет орындарына хабар береді. Содан кейін ғана Жаңалықтағы жазықсыз жандардың жатқан орны анықталған. Ұлыларымыздың басын допша тепкен ұрпақ болдық.

Қаралы күн - Жаңалыққа жеткендердің ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары болды. Бәрі сол баяғы жаттанды сөздер. Өткен жылғы «қойылым». Бұл жерге әкімдердің аяғы жеткенін екі жылдан бері көрген жоқпыз. Мүмкін, мемлекеттің тарихы, оның ел қызметі жолында құрбан болған азаматтары, оларға тағзым ету жұртқа ғана керек шығар.

Сөз басында совет өкіметінен келген қанқұйлы қасіретті жылдарды айттық. Ал, сол жылдардың өтемі, жауапкершілігін кім мойнына алмақ? Ющенконың тұсында Украина «Голодоморды» халықаралық деңгейде көтеріп, Ресейдің Украин халқынан кешірім сұрауын талап еткені бар. Біздің билік әрине, ондай батырлыққа барған жоқ. Тіпті, Алматының орталығындағы осы жерде ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады деген жазуы бар қара тас әлі тұр. Мұның өзі биліктің тарихқа оның қаралы беттеріне деген көзқарасы мен ұстанымын аңғартса керек. Әлбетте, Жаңалыққа ескерткіш орнатты. Ақмоладағы АЛЖИР лагері болған жерден мұражай ашты. Десе де, ашаршылықтың, репрессияның, екінші дүниежүзілік соғыстың, желтоқсанның нақты әрі түбегейлі саяси бағасын берді десек, жағымпаз атанамыз.

Жұмабек Ашуұлы, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы:

- 1990-ншы жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды жаппай ақтау туралы жарлық шықты. Содан бері біраз жұмыс істелді. Алайда, ашаршылықты мемлекеттік деңгейде көтере алмай келеміз. Украиндер өзге де елдер ашаршылықты халықарада тарихи мәселе етіп көтерді. Бірақ, ашаршылық жылдары қазақтай қырылған халық жоқ.

31-нші мамыр тек қана еске алу күні болмау тиіс. Бұл -  мемлекеттік ту түсіріліп, мерекелік шараларға тыйым салынып, ұлттық қаралы күн ретінде атап өтілуі қажет. Біз мұны әдеттегі іс-шара кейпінде ғана өткізіп келеміз. Сондықтан да жас ұрпақтың санасына жетпей жатыр. Ашаршылық, репрессия тағы басқа қазақ халқының басынан өткен қайғылы тарихи жылдар мектеп, оқу орындарында арнай оқытылуы керек.

Жылда айтып келеміз. Қазақстандағы қырғынды ұйымдастырудың ошағы болған Алматыдағы бұрынғы НКВД үйі президент жарлығымен мұражай ашуға берілген. Мұражай енді жұмыс істей бастағанда сол тұстағы қалалық әкімшілік тарихи ғимаратты сатып жіберді. Сөйтіп, тарихқа үлкен қиянат жасалды. Қанша жыл күрестік. Еш нәтиже болмады. Жақында қалалық әкімшілік Астанаға көшіп жатқан елшіліктердің бірінің үйін мұражай ашуға береміз деп уәде берді.

Қуғын-сүргін кезінде түрлі адамдарды ұстап берген, жала жапқан, үстінен арыз жазған адамдардың ұрпағы қазір өз аталарын құрбандық етіп көрсетуге күш салып жүр. Ондай кісілер арамызда бар.

Мысалы, «Еңбекші қазақ» газеті редакторының орынбасары Рахым Сүгіров деген азамат болған. Ол 1937-нші жылы газетке жазған мақалаларының бәрінде жапонның шпиондарын, халық жауларын әшкерлеген. Қазір сол кісінің қызы арамызда керемет белсенді адам. Жүрген жерінің бәрі шатақ.  Бұл тақырыпты айтқың келмейді. Дегенмен, басқа ұлттарға қарағанда, сол жылдары қазақтар бірін-бірі көп көрсетіп, ұстап берген. Өйткені, патша заманынан бергі жүргізілген отарлық саясат әдбен дендеп, дертке айналып қалған ғой. Осы мәселені айту керек те сияқты. Себебі, жоғары да айтқан адамдар секілді азаматтар үндемесең басқа шығып алатынға ұқсайды.

Жаңалықтағы еске алу жиынының соңында мал сойылып, ас берілді. Жұрт құран оқытып, «сауабы аруақтарға тие берсін» десіп, дәм алысты. Ақыры, ел аяғы сиреп төңірек тағы да мүлгіген тыныштыққа бой алдырды.

Осылайша, Жаңалықтағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы да аяқталды. Шыныменде, іс-шара деңгейінде ғана өтіп келеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036