Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 4408 3 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 15:27

Геннадий Головкин маусым айында жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) биыл жазда шаршы алаңға қайта оралады.

Өткен жылы 16 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белдіктерінен айырылған (одан сәл бұрын, маусым айының басында Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белдігін қайтарып берген болатын) отандасымыз араға тоғыз ай салып, кәсіпқой бокстағы 41-ші жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Бұл туралы Boxing Kingdom басылымы Twitter желісінде жазды. Аталған басылымның ресми парақшасында жазылуынша, Геннадий Головкин маусым айында Брэндон Адамспен жұдырықтасады.

«GGG - Брэндон Адамс жекпе-жегінің анонсы осы аптада жарияланады. Кездесу 8 маусымда өтеді», - деп жазды Boxing Kingdom.

Кезекті жекпе-жек Лос-Анджелес, Лас-Вегас, Нью-Йорк немесе Сан-Антонио қалаларының бірінде өтуі мүмкін. Бұл қазақстандық боксшының DAZN компаниясымен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болғалы тұр.

Айта кетейік, GGG наурыз айының басында атақты DAZN компаниясымен келісімшарт жасасқан болатын. Головкин аталған ірі жобамен бірге алты кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алдын-ала белгілі болуынша, Геннадий әр жекпе-жегі үшін сегіз санды көлемде ақы алуы мүмкін.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303