Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4723 5 пікір 3 Сәуір, 2019 сағат 10:07

Қытайда қысымда қалған Қазақтар турасында сең қозғалып жатқан сыңайлы

Қытайда түрлі саяси қысымда қалған Қазақтар турасында жоғарғы жақта сең қозғалып жатқан сыңайлы. Көп болып талап еткен нәрсе ескерусіз қалмайды. Ел екенімізді көрсетіп, қытаймен ашық диялогқа келіп, ондағы ағайындарды арашалап, елге жинап алсақ қой.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын» және «Егемен Қазақстан» газеттеріне берген сұхбатында шетелдегі қандастар туралы өз пікірін білдірді. «Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз», – деді.

Сонымен қатар, Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Қытай елшісін қабылдады.

Ол Шинжияаң ұйғыр автономиялық ауданындағы қазақтар тақырыбын қозғай келіп, ҚХР-дағы этникалық қазақтар Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынаста «достық көпірі» екенін атап өтті. Тараптар осы салада туындайтын мәселелерді өзара ақылдасып, сындарлы түрде шешуге уағдаласты.

Ұларбек Дәлейұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347