Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4348 5 пікір 3 Сәуір, 2019 сағат 10:58

"Долы қатындар" мен титушкалар

Титушкалар - билік ақша беріп, белгілі бір мақсатқа пайдаланатын топ. Екіге бөлінеді. Біріншісі сол күні, нақты ақшаны алып тапсырма орындайды да жөніне кетеді. Екіншісі, үнемі қолданылатындар.

Алғаш рет Украинада 2013-14 жылдары халық билікке талап қойған кезде пайда болған. Оппозиция өткізген жиында жұрттың көңіл күйін өзгертетін сөз сөйлейді, шу-шұрқан шығарады, тағысын тағы, жиынның шырқын бұзады. Қырғызстанда Бакиевті биліктен кетірерде титушкалардың жаңа түрі "Долы қатындар" (қазақша атауы шамамен осылай) пайда болды. Билікті сынаушылардың әп-әжептеуір салиқалы жиынына оннан астам әйел жетіп кеп, айғай-шу шығарып, лидерлерінің жағасынан алып, бетін тырнауға дейін барады. Аяқ астынан сап ете қалған әйелдерге олар түк істей алмайды. Бұл әйелдердің міндеті - тек қана шырық бұзу.

Бұл әдіс біздің елімізге де жеткен. Соңғы кездері журналистерге қарсы пайдаланыла бастады. Былтыр жер митингісі кезінде тікелей эфир жүргізіп тұрғанымда әлдебір жас жігіт маған қайта-қайта соқтығысты. Тіке эфирде (!) әке-көке деп үш-төрт рет кешірім сұрап зорға құтылдым. Оны біраз адам көрді. Әлбетте олармен конфликтіге барсақ іздегенге сұраған боп шығамыз. Мұндай жайды биыл Наурыздағы қарсылық акциясында да көрдік. Сықиып киінген жігіттер көп алдында сөйлеп, жұрттың бағытын өзгерткісі келді. Дәл соның жанында тұрған бозбала мен тағы да бірнеше жігіт камерамызды жауып, кедергі жасады. БАҚ жұмысына кедергі жасау - қылмыстық іс. Бірақ полиция түк көрмегендей болды.

Осы жағдай Астанада да қайталанды. Әріптестерімізді жүргізбей, бір топ сары ауыз балапан әбден кедергі жасады. Өркен Жоямергеннің төзіміне тәнті болдым. Тағы бір әріптесім Светлана Глушкованың үстінен әлдебір қыз "ұрып жіберді" деп арызданған. Светлана кімге, қашан қолы тиіп кеткенін білмейді де. Сөйтіп бірнеше күннен бері жұртты шулатып, бүгін болымсыз айыппұлын салды.

Мәселе айыппұлдың аз, я көптігінде емес. Мәселе - Қазақстанның бейтарап журналистикаға да (оппозиция емес) төзе алмайтын жағдайға жеткенінде, мейлінше лас әдіс - титушкалар әдісін қолдана бастағанында.

Бұл өте қауіпті жағдай.

Асылхан Мамашұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351