Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3061 0 пікір 2 Маусым, 2011 сағат 06:08

Гүлмира Тойболдина. «Қаражанбастағы» халық толқуы күшейіп барады

Бозашы түбегіндегі «Қаражанбас» кенішінде мұнайшылар ереуілдеп жатыр. Әлеуметтік теңдіксіздікке наразылық танытқандар шетелдік жұмысшылармен теңдей жалақы беруді талап етуде. Соның әсерінен 17 мамырдан бастап, Қаражанбас кеніші тоқтап тұр. Ереуілдеген «Қаражанбас» мұнайшылары мен аштық жариялаған «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары қамауға алынған заңгер Наталья Соколованы босатуды да талап етті. Ал 30 мамыр күні Атыраудан ат сабылтып жеткен мұнайшылар Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді.

 

Екі жақтап жаншу

«Қаражанбас» мұнайшылары ақпарат құралдарынан көмек сұрауда. Былтыр, наурыз айында ереуіл жасаған «Қаражанбас» мұнайшылары биыл да ширығып тұр. Бүкіл мемлекеттік органдардан күдер үзген олардың баспасөзден көмек сұрауын, қалың бұқарадан жәрдем сұрауы деп түсінген жөн.

«Қаражанбасмұнай» компаниясының басшылары ереуілге шыққандары үшін жұмысшыларды жұмыстан шығара бастаған. Еңбекшілердің жоғары жалақы талап етуге құқы бар екенін дәлелдеген заңгер Наталья Соколова 8 тәулікке қамалса, жергілікті сот ереуілді заңсыз деп таныған. Бірақ одан еңсесі түскен ешкім көрінбейді. Керісінше, тәуелсіз кәсіподаққа қысым көрсетілмеуін, заңгердің әділетсіз жазаланба-

уын талап ете бастады. Бір сөзбен айтқанда, жұмысшылардың талабы күн сайын өсе түскен секілді.

Бозашы түбегіндегі «Қаражанбас» кенішінде мұнайшылар ереуілдеп жатыр. Әлеуметтік теңдіксіздікке наразылық танытқандар шетелдік жұмысшылармен теңдей жалақы беруді талап етуде. Соның әсерінен 17 мамырдан бастап, Қаражанбас кеніші тоқтап тұр. Ереуілдеген «Қаражанбас» мұнайшылары мен аштық жариялаған «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары қамауға алынған заңгер Наталья Соколованы босатуды да талап етті. Ал 30 мамыр күні Атыраудан ат сабылтып жеткен мұнайшылар Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді.

 

Екі жақтап жаншу

«Қаражанбас» мұнайшылары ақпарат құралдарынан көмек сұрауда. Былтыр, наурыз айында ереуіл жасаған «Қаражанбас» мұнайшылары биыл да ширығып тұр. Бүкіл мемлекеттік органдардан күдер үзген олардың баспасөзден көмек сұрауын, қалың бұқарадан жәрдем сұрауы деп түсінген жөн.

«Қаражанбасмұнай» компаниясының басшылары ереуілге шыққандары үшін жұмысшыларды жұмыстан шығара бастаған. Еңбекшілердің жоғары жалақы талап етуге құқы бар екенін дәлелдеген заңгер Наталья Соколова 8 тәулікке қамалса, жергілікті сот ереуілді заңсыз деп таныған. Бірақ одан еңсесі түскен ешкім көрінбейді. Керісінше, тәуелсіз кәсіподаққа қысым көрсетілмеуін, заңгердің әділетсіз жазаланба-

уын талап ете бастады. Бір сөзбен айтқанда, жұмысшылардың талабы күн сайын өсе түскен секілді.

Алматыға баспасөз мәслихатын өткізуге келген компанияның бұрынғы жұмысшысы Наурызәлі Төлебаев: «Біз малдан да жаман болдық. Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Халық ызалы. Бірақ бұған жергілікті билік органдары да, Ақорда да назар аударар емес»,- дейді.

Расында, «Қаражанбасмұнайдағы» еруілдің басталғанына жарты айдан асты. Аузы-мұрнын тұмшалап алған Астана тып-тыныш. Қазір ереуілдеген 4 мыңнан астам мұнайшыны қолдап, Жаңаөзеннің жүздеген жұмысшысы аштық жариялады. Ақорда бәрібір жұмған аузын ашқан жоқ.

Компания басшылары да халықпен санасып, олардың талап-тілегін ескеруге құлықсыз. Керісінше, қысымды күшейтіп, жұрттың ашу-ызасын қоздырып, жағдайды шиеленістіруге мүдделі тәрізді. Қазақты қыспаққа алуға алпауыт компаниялардың басшылары ғана емес, жергілікті жарамсақ биліктің өкілдері де «жәрдемдесуде». Мәселен,«Қаражанбасмұнайға» қатысты құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «Естай» бірлестігіне келген Қарақия ауданының прокуроры жергілікті жұмысшыны соққыға жыққан. Енді халық прокурор М.Мырзақұловтың жазаға тартылуын талап етуде. Жергілікті билік пен тұрғылықты халық арасындағы бұл қақтығыстың соңы немен аяқталары әзірге белгісіз.

 

Жұмыстың ауырлығынан өлім құшқандар бар

Бір таңғаларлығы, жаңа бұрғылау орындары ашылып, жаңа станоктар қойылса да, өндірістегі адам саны көбеймей отыр. Жұмыс күші азайған үстіне азаюда. Адам күшінің жетіспеушілігінен артығымен жұмыс істеуге мәжбүр жұмысшылардың алды қайтыс бола бастады. Бірақ зиянды жұмыстың зардабынан адамдардың қазаға ұшырайтыны ресми түрде айтылмайды. Ауыр еңбекті көтере алмай, адамдар науқасқа шалдығуда. Оның үстіне, басшылар тарапынан жасалып отырған әлеуметтік-құқықтық қысастықтың адам жүйкесіне қаншалықты салмақ салатынын ойлап көріңіз!

«Қаражанбасмұнай» компаниясы 2007 жылдан бері Қытайдың CNPC инвестициялық корпорациясымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Арада бес жыл өткенде компанияның 50 пайыз акциясына қытайлар ие болды. Енді 5-10 жылда жағдайдың қалай боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Ал ең қорқыныштысы, қытаймен екі арадағы бірлесіп жұмыс істеуге қатысты қандай келісім-шарт жүргізілгені - жұртшылық үшін құпия.

Кейбір ақпарат көздері қытайлардың әу баста «Қаражанбасмұнайды» тұтастай сатып алғанын айтады. Бірақ «Қазмұнайгаз» рейдерлік жасаған. Осының кесірінен қытайлар 50 пайыз акцияны сатып алу үшін өздері «Қазмұнайгазға» несие береді. Енді «Қазмұнайгаз» «несиенің» өтеуіне мұнай беріп, оларға тегін жұмыс істеп жатқанға ұқсайды. Ал бұрғының басында тұратын кімдер? Әрине, жұмысшылар! Демек, жергілікті жұмысшылар қытайлықтарға «көкпарға» тасталған лақ-текемен парапар. Қалай тартып, қалай жұлқимын десе, қанша жалақы берем десе, өздері біледі. Ешкіммен санаспайды. Солардікі - жөн, солардікі - заң. Өзге заң қанша қылғынсаң да, жүрмейді. Қытайлар Тәуелсіз Қазақстан дегенді білмейді, есесіне мұндағы шенеуніктерді оңай сатып алуға болатынын біледі.

Ал жұмысшылардың хал-жағдайына бас ауыртпайтын компания басшылары ереуілдің «заңсыз» екенін айтып, жұмысшыларды қытай тепкісіне итермелеп, компанияның миллиондаған шығынын есептеп әлек.

Мамырдың 20-сы күні өткен Түпқараған аудандық соты «Қаражанбасмұнай» АҚ, «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп тану туралы шешім шығарды. Онда: «Қаражанбасмұнай» компаниясы басшылығы тарапынан жағдайды реттеу жайлы бірнеше рет ұсыныс жасалғанымен, ереуілді ұйымдастырушылар акционерлік қоғамның өндірісін тұрақсыздандыруға тырысып отыр. Өндірістегі болған жағдайдың салдарынан акционерлік қоғамның тартқан шығыны - 240 миллион теңгеден астам» делінген.

Жұмысшылардың пікірі бұған қарама-қайшы. Ереуіл басталғаннан бері компания басшылары тарапынан бір шешімге келуге қатысты қадам жасалмаған. Керісінше, Қаражанбас басында ереуілдеп жатқан мұнайшыларға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары Асқар Әубәкіров «Қаражанбасмұнай» компаниясы вице-президентімен бірге келіп, қоқан-лоқы жасаған. Және әр цехтан бір жұмысшыдан бітімгершілік комиссиясын құруды ұсынған. Жұмысшылардың құқын қорғайтын білікті заңгер қамалып жатқан соң, жұмысшылар мұндай ұсынысқа келіспей отыр. Өйткені уәдесін орындамайтын басшылыққа сенбейді. Заңгердің қамалуы жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін екенін ойламаған компания басшылығы белсенді деген жұмысшыларды тергеуге алып, оларды жұмыстан шығарудың алғышарттарын қарастыруда. Бірақ соңғы деректерге қарағанда, жұмыссыз қалу қаупі тек белсенділердің ғана басына туып отырмаған тәрізді. Қазір жұмысшылар арасында: «Сот ереуілді заңсыз деп танығаннан кейін, белсенділер ғана емес, ереуілге қатысқандардың бәрі (4 мың жұмысшы) жұмыстан қуылып, олардың орнына жаңадан жұмысшылар қабылданады екен», - деген сөз желдей есіп тұр. Егер бұл ақпар расталса, қытайлық компания жедел арада 4 мың жұмысшыны қайдан табады? Әлде Қазақстанға заңсыз келіп, қуыс-қуыста қашып-пысып жүрген қытайларды жинай ма? Олай болса, жергілікті мұнайшыларды қыспаққа алу - әдейі істеліп отырған шара болмасына кім кепіл?

 

Ұрланған мұнай да қазақтың мойнында

Жергілікті мемлекеттік органдар мен құқық қорғау орындарынан, жергілікті басшылар мен соттан көңілі қалған жұмысшылар енді өздері тағайындаған заңгерлер арқылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы бас директоры Асқар Балжанов пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жетекшісі Тимур Құлыбаевтың кездесуін талап етуде. Ал бұл талапқа қатысты «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бұқарамен байланыс жөніндегі департамент директоры Дәулет Жұмаділ: «Ереуілшілердің басшылардың келуін талап етеміз дегенін білеміз, бірақ «Барлау Өндірудің» бас директоры келсін дегендерін естіген жоқпыз», - деп сырғытпа жауап беріпті.

Жаңаөзендіктер сәуірдің 15-інде премьер-министр Кәрім Мәсімовке, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа арызданған, бірақ осы күнге дейін жауап ала алмапты. Осындай арыз Жаңаөзен қаласының әкімі О.Сарыбөпеевке, қала прокуроры М.Тойжанға, «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы директоры К.Ешмановқа, «ӨзенМұнайГаз» кәсіподағы төрағасы Н.Сақтағановқа да жөнелтілген. Нәтиже - нөл. Бір ескеретін нәрсе, ереуіл басталған күннен бері жұмысшылар тарапынан жасалған қадамның бәрі - өркениетті елдің (егер Қазақстан өркениетті ел болуға ұмтылып отырғаны рас болса) саясатына сыятын-ақ іс-әрекет.

Алайда жұмысшылардың өз құқын өркениетті, заңды түрде қорғауға қабілетті екеніне қуанудың орнына, биліктің тек басып-жаншу әдісін ғана қолданып отырғаны өкінішті. Президент Әкімшілігі мен үкімет басшыларын былай қойғанда, бұл туралы депуттаттар да ләм-мим деуден аулақ. Олар үшін Бозашы түбегі де, «Қаражанбасмұнай» да, ереуілдеп жатқан жұмысшылар да жоқ сияқты... Бірақ еңбекші халықтың ереуілі тым салмақ алып барады. «Қаражанбасмұнай» кеншілерінің шеруіне Жаңөзендегі «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалына қарасты УОС-5 мекемесінің жұмысшылары да үн қосып жатыр. Қазір УОС-5 және УОС-2 мекемелерінің жұмысы толық тоқтап тұр. Мұндай іс-әрекетке жұмысшыларды итермелеген нәрсе - басшыларға деген сенімсіздік.

Оларға былтырдың өзінде жалақының көбейетіні туралы басшылар уәде берген. Бірақ жалақы көбеюдің орнына, керісінше, азайып кеткен. Осының өзі-ақ мұнай алпауыттарының жұмысшы жағдайына алаңдамақ түгілі, олардың адами құқын таптап, еңбегін жеп, қанап отырғанына дәлел болса керек.

Жаңаөзендіктердің наразылығына себеп болған екінші бір нәрсе жұмыс берушілер оларға «жоспар орындалмады» деп тиісті сыйақыларын төлемеген. Ал жұмысшылардың айтуынша, жоспардың орындалмауына олардың кінәсі жоқ. Өндірілген мұнайды екі ортада ұрлайтындар бар. Мұнан біраз уақыт бұрын Ақтау портында ұрланған 57 вагон шикі май тәркіленген болатын. «Бұл біз өндірген мұнай, неге ол біз орындаған жоспарға кірмейді?» - деген жұмысшылардың талабы орынды. Сонда жұмысшылар өндірген майды ұрлап - бір, орны толмай қалған майды «жоспар орындалмады» деп жұмысшылардың мойнына іліп, сыйақыларын бермей қалталарына басып, екі жеп биге шығып отырғандар кімдер?

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы 26 мамыр күні Жаңаөзен қалалық сотының шешіміне сүйене отырып, жұмысшыларға аштық жариялауға «рұқсат бермегендерін» айтты. Демек, Қаражанбастағы қара халықтың толқуы әлі де жалғасатын сыңайлы.

Гүлмира

ТОЙБОЛДИНА,

журналист

бет қатталып жатқанда

Аймақ мұнайшыларының ереуілінен не хабар бар деп, бет қатталып жатқанда «Азат» ЖСДП-сы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Қожыққа телефон шалдық. «Жұмысшылар әлі ереуілде, - дейді Жәнібек. - Олар қойған талаптардың бірде-бірі бүгінге дейін орындалған жоқ. Жергілікті әкімдік, сот, прокуратура компания басшылығының сөзін сөйлеуде. Билік халықпен текетіресіп тұр. Жұмысшыларға шегінуге болмайды, олардың өздері де осыған бел буған».

Ал біздің сауалымызға ҚКП-ның Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Нұрияш Әбдірейімова былай дейді: «Қаражанбасмұнайдың» төрт мың жұмысшысы мен Жаңаөзеннің 1,5 мың мұнайшысы әлі ереуіл үстінде. Қазір «Қаражанбасмұнай» кенішінде 20 жұмысшыны жұмыстан шығару туралы бұйрық шыққан. Компания күзетшілеріне: «Аштық жариялап жатқандар жұмыстан шығарылды, оларды ауладан шығарып тастаңдар», - деген нұсқау берілген. Бірақ олар: «Бұл біздің міндетімізге кірмейді», - деп, бұйрықты орындаудан бас тартыпты. Жұмыстан шығарылғандардың  арасында  шырылдап шындықты айтып жүрген жалғызбасты әйел, төрт баланың анасы Төлетаева Роза да бар.

Естуімше, 150-дей полииция қызметкерлері «Ерсай Каспиан Контрактор» компаниясының басында қонып жатқанға  ұқсайды. Осы компанияның 700-дей жұмысшысы мен олардың туған-туысқандары компанияға баратын жолды жауып тастаған болатын. Енді қазір жұмысшылар мен олардың туған-туысқандарының арасын полиция бөліп тастады. Жұмысшыларға су, тамақ апару жағдайы қиындап кетті. «Осы компанияның 136 адамын жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қойылыпты», - деп естідім. Компания басшылары жұмыс күшін сырттан әкеліп жатқан көрінеді.

Соңғы деректер бойынша, ереуілшілер саны өсе түскен.  Компанияға аспаздық қызмет көрсететін 66 қызметші ереуілшілерге қосылғандықтан  жұмыстан шығарылған. Компания алдында аштық жариялап жатқан 40 адамның 10-ы ауруханаға жеткізілген.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 20 (103) 01 маусым 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354