Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3158 3 пікір 5 Сәуір, 2019 сағат 17:30

Мәулен Әшімбаев Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Бүгін Ақмола облысына жасаған сапары барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Көкшетау қаласындағы су басқан «Привокзальный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Аталған мәселеге байланысты ол партияның жергілікті филиалына төтенше жағдаймен күрес жұмыстарын бақылауда ұстап, зардап шеккен әр азаматтың мемлекет тарапынан берілетін міндетті көмекті алуын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Елбасы, партия Төрағасының алдымызға қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі халықты алаңдатқан кез келген мәселені оң шешуге ықпал ету. Сондықтан су тасқыны сияқты айтып келмейтін апаттардан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету партия жұмысындағы басымдықтардың бірі болып саналады. Мұндай мәселені қайта болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын күшейтіп, басты себебімен күресуіміз керек. Сондықтан партия облыс басшылығының осы бағыттағы жұмыстарын тікелей өз бақылауында ұстайды, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар сапар барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Халыққа көмек» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Қазірдің өзінде жоба аясында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде ашылған Бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы еліміз бойынша 2400-ден астам өтініш түсіп, оның 40 пайызы оң шешімін тапқан. Ал Ақмола облысында бір айдың ішінде көп балалы отбасылардан 431 өтініш келіп түсіп, оның жартысына жуығы (43%) дереу шешімін тапты. Қалған арыз-тілектер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Партия Төрағасы анықтап берген маңызды басымдықтардың бірі «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Осы жоба аясында Мәулен Әшімбаев Көкшетау қаласындағы Қақжановтар отбасына арнайы ат басын бұрды.

– «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобалары Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған игі бастамалар. Өйткені көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсету мемлекетіміздің негізгі басымдығы болып табылады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061