Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3157 0 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 10:24

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай қалпына келе бастады

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай қалпына келе бастады, өткізу бекеттері штаттық режимге көшті деп хабарлады қырғыз үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз қызметі 6 сәуірде.

Сәуірдің 5-інен бастап Қазақстан жағы жүк көліктерін бұрынғыша жылдамырақ өткізе бастаған. Бірнеше күннің ішінде көлік кептелесі жойылады деген болжам айтылып отыр.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы апта соңында Қазақстанға мемлекеттік кеден қызметінің басшысы Алмаз Онолбеков басқарған қырғыз делегациясы барып, қазақ жағымен мәселені талқылаған. Қырғыз үкіметі келіссөздің ашық өткенін әрі өнімді болғанын жеткізген.

5 сәуірде Қырғызстан билігі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдың үш рет талқыланғанын айтып, нәтижесінің алдағы бірнеше күнде көрінетінін мәлімдеген.

19 наурыздан бері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Ақ-тілек автожол" өткізу бекетінде көлік кептелісі пайда болып, 31 наурызда олардың саны 200-ден асқан еді. Бұған Қазақстан жағына өткелі тұрған көліктердің мұқият тексерілуі себеп болғаны хабарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2466
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639