Жұма, 27 Желтоқсан 2024
2981 27 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 10:33

Республикалық бюджеттен денсаулық саласына бір трлн теңгеден аса қаржы бөлінді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында елдегі денсаулық сақтау саласына бір триллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін хабарлады. Оның айтуынша, әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызметке қол жеткізудің өзі қиын болып отыр.

Қазақстан билігінің дерегінше, 2018 жылы тоғыз айдың нәтижесі бойынша, бір дәрігерге жазылған адамдар саны орташа есеппен 1900-ден асқан. Республика бойынша денсаулық сақтау мекемелерін медициналық жабықтармен қамтамасыз ету деңгейі 2018 жылы 67,7 пайызды құраған.

Аймақтарда бюджет есебінен тегін таратылатын дәрі-дәрмек мөлшері қысқарған. Бұған дейін Азаттық сұрақтарына жауап берген Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов препарат тапшылығының "жыл сайын қайталанатынын" айтқан еді.

- Фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектің бағасын көтереді де, біздің жоспарлаған ақшамыз жетпей қалады. Сол кезде науқастарды кейбір дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету зор проблемаға айналады. Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай және тек Қазақстанда ғана емес, өзге мемлекеттерде де солай. Баға қымбаттаған соң өзімізге бөлінген қаржыны көбейтуге мүмкіндігіміз болмайды. Себебі, жылына екі рет қаралатын бюджетіміз алдын ала белгіленеді, - деді министр.

Біртанов елдегі кейбір фармацевтикалық компаниялардың шетелдік фармакологиялық компаниялармен тікелей келісім-шарт жасасып жатқанын да айтып өткен.

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061