Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2562 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 05:05

ЕУРАЗИЯ КІНДІГІНДЕГІ ЕЛДЕР

тоталитарлық жүйе таңған тарихи бұрмалаулардан айығу үшін...


Сәрсенбі күні Алматыда Еур­азия кеңістігіндегі тарихи-мәдени мұралардың арғы-бергісін қозғап, осы жолда қордаланған мәселе­лер­ді өркениеттер үнқатысуы ар­қылы тарқатуға талпынған "Тари­хи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі" атты халық­ара­лық ғылыми-теориялық кон­фе­ренция өз жұмысын аяқтады.

Оңтүстік астанадағы "Алатау" шипажайын пікірталас алаңына айналдырған екі күндік басқосуда қоз­ғалған келелі ұсыныстар, пайымды пікірталастар аз болған жоқ. Халықаралық конференция жұ­мысына АҚШ, Австрия, Кана­да, Франция, Қытай, Италия, Үндістан, Ұлыбритания, Швейца­рия, Чехия, Ресей, Литва, Эсто­ния сияқты мемлекеттер мен көрші елдердің 200-ден астам белгілі қоғам қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

тоталитарлық жүйе таңған тарихи бұрмалаулардан айығу үшін...


Сәрсенбі күні Алматыда Еур­азия кеңістігіндегі тарихи-мәдени мұралардың арғы-бергісін қозғап, осы жолда қордаланған мәселе­лер­ді өркениеттер үнқатысуы ар­қылы тарқатуға талпынған "Тари­хи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі" атты халық­ара­лық ғылыми-теориялық кон­фе­ренция өз жұмысын аяқтады.

Оңтүстік астанадағы "Алатау" шипажайын пікірталас алаңына айналдырған екі күндік басқосуда қоз­ғалған келелі ұсыныстар, пайымды пікірталастар аз болған жоқ. Халықаралық конференция жұ­мысына АҚШ, Австрия, Кана­да, Франция, Қытай, Италия, Үндістан, Ұлыбритания, Швейца­рия, Чехия, Ресей, Литва, Эсто­ния сияқты мемлекеттер мен көрші елдердің 200-ден астам белгілі қоғам қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаһандану үдерісінде тоғысып жатқан өркениеттер үнқатысуын сөз еткенде, алдымен кешегі отар­шыл саясат таңған тарихи бұрма­лау­шылықтар сөз болмай қалуы мүмкін емес еді. Және бұл бас­қосуды Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік және қоғамдық ұй­ым­дары бірлесіп өткізіп жатқанда осы мәселелерден айналып өте алмасымыз анық-тын. Кешегі тота­литарлық режім Ресейдің өзін де аз адастырмағаны белгілі. Оған қоса қазір тәуелсіздігін кеше алған Орталық Азия елдері де жаңа тарихын жасауда бұрмалау­шы­лықтарға жол беріп отыр­ғандығын ешкім жоққа шығар­май­ды. Кешегі отаршылдық сая­сат­тан бастап, бүгінгі тәуелсіздік таңында орын алған осы олқы­лықтарды реттеп, түптің-түбінде шы­найы мәмілеге келуге ұмтыл­ған жиынның жамағатқа, тарихқа беретіні аз емес. Мұндай бірлесіп атқарған тірліктер қазірдің өзінде нәтижесіз емес. Көрші мемлекет­тердің мұрағаттарында жатқан қа­зақ­тың тарихи мұралары отаны­мызға оралып жатыр.

Оған қоса еліміздегі Мәдени саясат және өнертану институты­ның директоры Ерлан Сайыров осы басқосу барысында: "Бүгінде қазақ мәдениеті жәдігерлерінің 60 пайызы әртүрлі себептермен Ре­сейдің мұражайларында шоғыр­лан­ған. Оларды Қазақстанға, жергілікті ұлтқа көрсету үшін жәдігерлердің өзін әкелмесек те, оларға ғылыми тұрғыда түсініктеме беріп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еңбектер жариялаудың маңызы зор. Мұның өзі қазақтың мәдениетін халықаралық деңгейге шығарудың бір тетігі болып табылады. Осындай жобаларды біз Ресейдің мұражай­лары­мен бірлесіп қолға алып отыр­мыз", деген болатын. Аталмыш институт директорының айтып отырғаны жәй сөз емес. Былтырдан бері "Егемен Қазақстан" осы инс­титуттың бірқатар жобаларды жүзеге асырып, тұсаукесерін жаса­ғанын ықыласпен жариялады.

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Сметанюк Қазақ­стан­ның бастамасымен қолға алы­нып жатқан өркениеттер мен мә­дениеттердің үнқатысуын оңынан бағалап: "Мәдени үндестіктің мәні зор. Біз 1991 жылды есте сақтап қал­дық. Дәл сол жылдары Қазақ­стан Президенті бұрынғы кеңестік кеңістіктегі толқуларға толы қиын жағдайды реттеудің алғашқы бас­тамашыларының бірі болды. Біз ТМД елдерін құру туралы құжатқа қол қойдық. Бұл шын мәнінде сол кезде жарып шыққан үлкен бастама еді. Біз бүгін де Қазақстан аума­ғын­да жүзеге асып жатқан игі бас­тамаларға сүйсіне қараймыз", деді.

Халықаралық мәжіліс аясын­да "Мәдени мұра" ұлттық бағ­дар­ламасы - Еуразияның жаңашыл әлеуметтік-гуманитарлық жоба­сы" атты дөңгелек үстел жинал­ған­дардың қызығушылығы мен мүдделілігін көрсетті. Бұл бас­қосудың басты міндеті де атал­мыш жобаны халықаралық дең­гейде насихаттау, жарнамалау бо­ла­тын. Дөңгелек үстел өзін-өзі ақ­тады. Еліміздегі Шығыстану институтының директоры Ме­руерт Әбусейітова жүргізген дөң­гелек үстел айналасынан осы тір­лікке ортақ ғалымдарымыз табылды.

Конференцияның ашылу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Қырықбаев: "Елдің көкейінен шығып жүрген жобаның бірі - "Мәдени мұра" бағдарламасы. Оны насихаттаудың бір жолы осын­дай алқалы жиындар. Бұл шара еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға. Біз "Өркениеттер диалогы" әлемдік қоғамдық фо­румының өкілдеріне ынты­мақ­тастық қарым-қатынасы үшін өз ризашылығымызды білдіреміз", деген болатын.

Жалпы, халықаралық жиында айтылған ұсыныстар аз болған жоқ. Мәселен, "М.Әуезов қорының" директоры Мұрат Әуезов кешегі "Жібек жолы бойындағы әңгіме­лер" сынды жиындарды жаңғырту мәселесін көтерсе, ақын Олжас Сүлейменов әлемнің түкпір-түк­пірінде Жер тағдырына жауаптылар клубын құру туралы ұсыныс білдірген-ді. Қоғам қайраткері биосфераны бүлдіріп, Жер-Ананы айықпастай жараласақ, апаттық жағдайды өз қолымен жасаған адам­затқа тарих та, мәдениет те керек болмай, бас амандығын күйттеп кететінін меңзеп отырған болар. Мұнан да бөлек жиынның қарарына енгізіле­тін, көпшілік құлақ асуға тиісті ұсыныстар аз емес.   Қазіргі күндері Мәдени сая­сат және өнертану институты халықаралық ғылыми-теориялық конференция көтерген мәселелерді реттеп, жинақтап, олардан жөнді нәтижелер шығаруға кірісіп те кетті.

 

 

Айнаш ЕСАЛИ, Алматы

«Егемен Қазақстан» газеті 13 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5590