Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4187 1 пікір 15 Сәуір, 2019 сағат 10:28

Түркістан-Самарқанд бағытында автобус жүре бастады

14 сәуірде Түркістан-Самарқанд бағытындағы халықаралық автобустың алғашқы жолаушылары Самарқанға жетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус күн сайын кешкі сағат 18:00-де жүреді. Жолаушыларды Түркістан қаласындағы «Алтын Орда» автовокзалынан Самартқандағы «Самарқанд» автовокзалына алып барады. Жолда Шымкент қаласына, Өзбекстанның Гүлістан және Жыззақ қалаларына аялдайды. Жол ақысы – төрт мың теңге. Билік өкілдерінің айтуынша, Түркістан-Самарқанд бағытындағы автобус елге келетін туристер санын арттыруға көмектесуі тиіс.

2018 жылы 10 желтоқсанда Түркістан-Ташкент бағытындағы автобус жүре бастаған. Бұған дейін билік өкілдері екі ел арасында қатынайтын автобустар шекарадан кедергісіз өтеді деп мәлімдеген. Қарашаның 15-і күні Шымкентте алғаш рет екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 985
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661