ДСМ ұсынған жаңа кодекс қоғамдық талқылауда
Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының басшылары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Жаңа кодексінің ережелеріне байланысты өз пікірін білдірді. Айта кетейік, кодекс жобасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі және қазіргі уақытта қоғамдық тыңдаулар өтуде.
Шағын және орта бизнес әлемнің барлық дамыған елдері экономикасының іргетасын құрайды. 2018 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев ШОБ-ті қазақстандық экономика өркендеуінің негізі деп атады. ШОБ қызметін қолдау азаматтардың әл-ауқаты өсуінің кепілі болып табылады, өйткені бұл сектор жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады және кәсіпкерлер отбасының табысын қамтамасыз етеді.
Бірақ отандық тәжірибеде бизнес қызметіндегі ойластырылмаған және тиімсіз заңнамалық шектеулер сипатындағы қарама-қарсы үрдіске жиі бет бұруға тура келуде.
Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шектеу шаралары мен тыйымдарды қарастыратын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Жаңа Кодексті әзірлеп, көпшілік алдында талқылауға шығарды. Бірқатар сауда нүктелері үшін витриналарда темекі өнімдерін орналастыруға жоспарланған тыйым салу еңсерілмейтін талап болуы мүмкін.
Қауымдастықтың есебі бойынша, осы шешімге байланысты сөрелер мен сөрелерді қайта жабдықтауға жұмсалатын орташа шығындар әрбір сауда нүктесі үшін 180 мың теңгеден басталады, бұл көптеген шағын дүкендер мен оларды басқаратын ШОБ өкілдері үшін шамадан тыс соманы құрайды.
Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығында мұндай шешімдер дүкендердің бір бөлігін жабады немесе темекі өнімдерін заңсыз сатуды жалғастыруға түрткі болады деп қауіптенеді. Айта кету керек, шағын сауда нүктелерінің табысы кем дегенде 25%-ға темекі өнімдерінің сатылымына тәуелді.
Нұрсадық Әбішев, Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының президенті:
- Бизнестің шығындарын есептеу қажет, кәсіпкерлерге қандай да бір жаңашылдықтарды ұсына, ағымдағы экономикалық жағдайды есепке алу орынды, сондай-ақ мұның болашақта шағын және орта бизнеске қалай әсер ететінін ескеру керек.
Талаптар үнемі өзгеруде, ал кәсіпкерлер бір жабдыққа қаражат жұмсап жатқанда, ол керексіз болып қалады, себебі олардан дүкенге басқа жабдықты орналастыру талап етіледі. Сайып келгенде, осының барлығы кәсіпкерлердің тасада қалып қоюына әкеп соқтырады – бюджет бұдан салықпен толықпайды, одан темекі шегу азаймайды, ал сауда нүктелері мен шағын кәсіпкерлердің саны айтарлықтай қысқарады.
Жібек Әжібаева, Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының вице-президенті:
- Темекіні ашық таратуға тыйым салудың халық арасында шылым шегудің төмендеуіне әсер ететіні туралы деректер жоқтың қасы. Бұл осы практиканы кезінде енгізген Канада, Ирландия, Австралия, Финляндияның тәжірибесін растайды. Бірақ бөлшек сауда орындарында темекіні ашық орналастыруға тыйым салу контрабандалық және контрафактілік темекі өнімдерін сатуға ықпал етуі мүмкін деген деректер бар. Мысалы, 2014 жылы темекіні ашық орналастыруға тыйым салынғаннан кейін, көрші Ресейде АС Nielsen беделді халықаралық агенттігінің мәліметтері бойынша, темекі өнімдерін заңсыз сату 2013 жылғы 19,3%-дан 2016 жылы 28,3%-ға дейін өсті.
Басқа елдердің тәжірибесі мұндай тыйым салу шаралары темекі шегушілердің санының қысқаруына әкеп соқпайтынын растайды - бұл үшін салауатты өмір салты орталықтары тиімді жұмыс істеуі тиіс. Ал, еліміздегі жұмыссыздар мен тұрмысы нашарлардың саны сөзсіз, мыңдаған бұрынғы кәсіпкерлермен толығады.
Түйін. Сауда кәсіпорындары Қауымдастығы шылымқорлық мәселесінің шешілу жолдарын салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту мен өскелең ұрпақпен тәрбие жұмысын жүргізуден көреді.
Қоғам белсенділері жаңа Кодекс бойынша келесі тыңдаулар үшін өз ұсыныстарын дайындады және жоғарыда аталған барлық жаңалықтарға өз тарапынан сенімді түрде «жоқ» деп жауап береді, және денсаулық сақтаудың мәселелерін шешуде отандық экономиканың локомотивіне айналып үлгермеген шағын және орта бизнесті түпкілікті тұншықтырып алмауға шақырады.
Abai.kz