Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 7 Маусым, 2011 сағат 09:44

Сергек Ерсайын. Министр латыншаға көшуді мақұлдады

Мәдениет министрі кеше болған Мәжілістегі үкімет сағатында қазақ әліпбиін латыншаға аударудың дәйектерін келтіріпті. Бұл тақырыпты қозғаған депутат Айгүл Соловьева болса керек. Алайда, министр мырза аталған тақырыптың саяси мәселе екеніне екпін түсіре айтты. Ол президенттің латыншаға көшу мәселесін барынша зерделеу қажеттігін бірнеше рет мәлімдегенін, бірақ әзірге мәселенің шешілмегенін мойындады.
Министр өзінің латынша әліпбиді барынша қолдайтынын білдіре келіп, қазақ әліпбиінде  41, орыста - 33, арапшада - 28, латыншада бар болғаны - 25-26, соңғысы бойынша жазудың барынша тезірек өнетінін жеткізіпті.
М.Құл-Мұхаммед латыншаға көшуді техникалық прогресс тұрғысынан қолдайтынын білдіре келіп, мобил телефон мен компьютерде латынша әліпбимен қолдану аса тиімді екенін айта келіп, «Мәселе барынша байсалды, ал мен соңғы инстанция емеспін»  деді.
Әрине, тәуелсіз ел үшін өзінің тәуелсіз әліпбиі болуы керек. Шындығы сол, қазақтың латынша әліпбиге көшуі шын мәнінде саяси емес, әлеуметтік сипат қана алуы керек. «Министрдің емеурініне қарағанда, қазақтың тілдік тәуелсіздігін жаратпай отырған солтүстігіміздегі  көршінің қабағын бағып қимылдау қажет дегенді аңғарғандаймыз. Мәселенің саясилығы да сонда болар, басқа құлағы қылтыйған ешбір фактор жоқ» дейді латын қарпіне көшуді жақтайтын мамандар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413