Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4848 1 пікір 18 Сәуір, 2019 сағат 14:20

Тәжікстан ислам кеңесі әскерге бармау ауыр күнә деген пәтуа шығарды

Тәжікстанның үлемдер кеңесі (ислам кеңесі) әскерден бас тарту – ауыр күнә деген пәтуа шығарды. Балаларын әскерге жібермеуге тырысатын ата-аналар да күнәға батады дейді.

Тәжік дін қызметкерлері әскерде қызмет ету әлеуметтік жағдайына қарамастан, әрбір дені сау мұсылманның парызы деп есептейді. Отанына деген махаббат, ұлтына, мәдениетіне деген адалдық - нағыз сенім деген осы деп мәлімдеді Тәжікстанның үлемдер кеңесі.

Олар елде әскерге шақыру науқаны жүріп жатқан кезде дәл осындай үндеу жариялады. «Жас жігіт әскерге бармаудың амалын жасап, өзін ауру етіп көрсеткісі келсе, бұл – нағыз күнә», – дейді Ислам орталығы өкілі Жамолиддин Хомуши. Оның пікірінше, діни тұрғыдан олар отанын сатқандар болып есептелмек.

Соңғы төрт жылдан бері әскерге шақыру жоспары кезектен тыс жүргізіліп келеді. Билік мұны «жастарды тәрбиелеудің бір түрі» деп есептейді. Бірақ құқық қорғаушылар оның басқа да себептері барын айтады.

Пәтуа – мүфти не ислам кеңесінің мұсылмандар өмірінің кейбір аспектілеріне қатысты шешім шығаруы. Бірақ мұның заңдық күші жоқ. Ол үшін жауапқа тартылмайды. Тәжікстан халқының дені мұсылман болғанымен, зайырлы қоғам болып есептеледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2755
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 835