Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Саңлақ 6348 1 пікір 19 Сәуір, 2019 сағат 10:45

Бокстан Азия чемпионаты басталды. Тікелей трансляция

Бүгін, 19 сәуірде Бангкокта (Таиланд) ХХХ Азия чемпионаты басталады. Екі жылда бір өтетін құрлық біріншілігіне әр елдің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері қатысқалы отыр.

Еліміз боксшылары соңғы бес Азия чемпионатында үш мәрте командалық есепте көш бастады. Атап айтқанда, 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында екі алтын медаль, 2013 жылы Иорданияның Амман қаласында жеті алтын медаль, 2015 жылы Таиландтың Бангкок қаласында бес алтын медаль жеңіп алып, жалпы есепте жеңіске жеткен.

Ал 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында қандай "қызық" болғаны бәрімізге белгілі. Өз жерінде өткен чемпионатта өзбек ағайындарымыз 10 салмақтың 9-ында алтын медаль алып, айды аспанға шығарған. Алаң иелерінен артылған жалғыз бас жүлде бізге бұйырды да, өзге 27 елдің боксшылары "алтынсыз" қалған.

Кеше кезекті Азия біріншілігінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары: 

49 келі. Теміртас Жүсіпов турнирді 1/8 финалдан бастайды. Қарсыласы - Самак Саехан (Таиланд).

52 келі. Анвар Мұзаппаров - Енкмандах Хардурджу (Монголия), 1/16 финал.

56 келі. Қайрат Ералиев - Ю Чан Ли (Корея), 1/16 финал.

60 келі. Закир Сафиуллин 1/8 финалдан бастайды. Вей (Вьетнам)/Альдраби Шехаб (ОАЭ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

64 келі. Санатәлі Төлтаев та 1/8 финалдан бастайды. Алғашқы қарсыласы Либертус Га (Индонезия).

69 келі. Асланбек Шымбергенов 1/8 финалда Хьюн-Чул Лим (Корея)/Арди (Таиланд) жұбының  жеңімпазымен жұдырықтасады.

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Чон Ли Хонмен (Солтүстік Корея), 1/16 финал.

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Альмутахир (Кувейт), 1/8 финал.

91 келіге дейін. Василий Левит - Амири (Иран), 1/8 финал.

91 келіден жоғары. Қамшыбек Құнқабаев - Ашис Давадимен (Непал), 1/8 финал.

Бүгін екі сессияда жекпе-жектер өтеді. Күндізгі сессия елорда уақыты сағат 12:30-да, ал екіншісі кешкі 17:00-де басталады. Жарыстың алғашқы күнінде бірнеше боксшымыз шаршы алаңға шығады.

19 сәуір

Күндізгі сессия
56 келі. 1/16 финал. Қайрат Ералиев (Қазақстан) - И Чан Ли (Оңтүстік Корея)
64 келі. 1/16 финал. Санатали Толтаев (Қазақстан) - Либертус Гха(Индонезия)
75 келі. 1/16 финал. Тұрсынбай Құлахмет (Қазақстан) - Чун Ил Хон (Солтүстік Корея)
91 келіге дейін. 1/8 финал. Василий Левит (Қазақстан) - Пурия Амири (Иран)

Кешкі сессия
52 келі. 1/16 финал. Анвар Мұзаппаров (Қазақстан) - Энхмандах Хархуу(Моңғолия)
+91 келіден жоғары. 1/8 финал. Камшыбек Құнғабаев (Қазақстан) - Ашиш Дувади(Непал).

Жекпе-жектерді тікелей эфиде төмендегі сілтеме бойынша тамашалауға болады:

Қазақстан қыздар құрамасы да барлық 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

48 келі. (20 сәуір) - 1/8 финал. Алуа Балқыбекова - Чорон Бак (Корея)

51 келі. (21 сәуір) - 1/8 финал. Назым Қызайбай - Ферангиз Хошимова (Өзбекстан)

54 келі. (20 сәуір) - 1/8 финал. Дина Жоламан - Фахима Алфаки (БАӘ)

57 келі. (19 сәуір) - 1/8 финал. Сәния Сұлтанқызы - Мижгона Самадова (Тәжікстан)

60 келі. (21 сәуір) - 1/8 финал. Римма Волосенко - Нур Сабрина Бинте Мох Файзал (Сингапур)

64 келі. (19 сәуір) - 1/8 финал. Милана Сафронова - Идимох Холова (Тәжікстан)

69 келі. (22 сәуір) - 1/4 финал. Дариңа Шакимова - Эрденетуйя Енхбаатар (Моңғолия)

75 келі. (23 сәуір) - 1/4 финал. Ақерке Бақытжан - Киан Ли (Қытай)

81 келіге дейін (25 сәуір) - 1/2 финал. Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)

81 келіден жоғары (25 сәуір) - 1/2 финал. Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)/Сима Поониа (Үндістан)

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2094