Сенбі, 23 Қараша 2024
4807 21 пікір 23 Сәуір, 2019 сағат 20:05

Комиссия Тоқаевтің қазақшасынан бір қате таппады

ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков «Nur Otan» партиясының атынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың емтихан нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін келіп емтихан тапсырды. Екі сағаттың деңгейінде біздің ортамызда болды. Ережеге сәйкес емтихан тапсырды. Бірінші жазба жұмысының тақырыбы - «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері». Екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағын таңдап алды. Үшіншісі ол кісінің жанына жақын «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» тақырыбы болды», - деді Мырзатай Жолдасбеков.Оның айтуынша, президенттікке үміткерден емтихан алуға комиссияның мүшелері толық қатысып, өздерінің пікірлерін ашық айтқан.

«Бір де бір қате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазған еді. Бірінші шығарма жазғанда Абайдың поэзиясы, қара сөздері, оның жалпы халыққа беретін маңызы туралы бүгінгі үміткеріміз терең толғаған. Өте әдемі жұмыс. Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағының үш бетін оқыды. Мәнерлеп, ырғағымен өте әдемі оқып берді. Ал «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» жайында кең толғады, терең сөйледі. Жалпы біздің лингвистикалық комиссияның берген қорытындысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық, жан-жақты меңгерген», - деді комиссия төрағасы.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362