Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
7388 2 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 16:44

Республикалық «Семсер» әдеби конкурсы жарияланды

Жастар жылына орай «Мәдениет порталы» «Алтын қазына» ҚБ-мен бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жарияланды.

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы Үздік проза, Үздік поэзия, Үздік әдеби сын деген 3 аталым бойынша өтеді. Бас жүлде - 1 000 000 теңге! Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «SEMSER» әдеби сыйлығы табысталады. Ал қалған жүлдегерлерге Алтын төсбелгі тағылады.

Байқауға 45 жасқа дейінгі қаламгерлер қатысады. Олар шығармаларын «Мәдениет порталына» өздері орналастыра алады. Оқырман өзі ұнатқан шығармаларға дауыс береді. Берілген дауыс қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде есепке алынады. «SEMSER» конкурсына тек қазақ тіліндегі шығармалар қатыстырылады. Өтінім беру мерзімі 24 маусымда аяқталады. Толық мәліметті мына сілтеме арқылы білуге болады.

Конкурсты онлайн түрде ұйымдастырушысы «Мәдениет порталы». Бас демеуші - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 912
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2360
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 595