Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2857 0 пікір 13 Маусым, 2011 сағат 06:50

Қойыртпақ қотарма: Мағжан Пятницабаев

Ар-намысың аяққа тапталып, ғазиз жаның қорланаса да тақырыпты осылай қоюға тура келді. Өйткені, мемлекеттік қазынадан қаржы алып отырған орыстілді басылымдар «Мағжан Жұмабаев» атты деректі фильмнің атын жоғарыдағыдай қойыртпақ жасап өздерінше қотарып алыпты. Қойыртпақ қотарма шамасы, компьютер «тәржімасына» сүйенсе керек. Ал, компьютердің «тіліне» бәрібір: қазақ сөзін орысшаға, орысшаны қазақшаға жолма жол «аударып» бере салады.

Алаштың аяулы ақыны Мағжанның сойын «пятницалап» тастаған орыстілді басылымдар Ақмола облысының Бурабай ауданында жарық көретін «Бурабай», «Луч», «Сельская новь» дейтін газеттер екен. Әлгі аталған газеттер 31 мамыр күні Хабар арнасынан көрсетілген «Мағжан Жұмабаев» деректі фильмін оқырмандарына «Мағжан Пятницабаев» деп «орысшалап» жеткізіпті. Бұл жайтты  екі тілді «егіз» қолданудың Қазақстандағы нәтижесі дейміз бе, әлде басқа дейміз бе,  ол турасында құрметті оқырман, өзің ой айтып, қортынды жаса. Мағжанды «Пятницабаев» қылып алған аудандық газеттегі әріптестеріміз әйгілі «Досмұқсанның» әншісі болған, марқұм Бақытжан Жұмаділовті де оңдырмапты. Жексенбі, 5 маусымдағы 22.00-де эфирге шыққан  "Бақытжан Жұмаділовты еске алу кеші"  "Бақытжан Пятницаділовті еске алу кеші" болып жарияланыпты.
Естеріңізге сала кетейік, аумағында Астана байтақ қаламыз тұрған Ақмола облысының орталығы Көкшетауда мемлекет қаржысымен жарық көретін «Степной маяк» газеті  таяудағы, яғни 26 мамырдағы 21 санында «Қаңғыбас қазақтың баспанасы не?» деген   сұрақ жасырып жауабын «киіз үй» деп берген еді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529