Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3495 0 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 14:02

Бірнеше облыста бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды

Мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік етуді басты мақсат тұтатын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ел өмінінде алатын орны ерекше. Аталған орган Президент пен Үкіметтің әр бастамасына қолдау білдіріп, жемісті жұмыс атқарып келеді.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының тұрақты назарындағы мәселе. Федерация әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмысшылар үшін лайықты еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақат пен кәсібіне байланысты ауру-сырқауға ұшырауды азайту мақсатында қолдан келер барлық іс-шараларды қарастырып отыр.

2019 жыл «Қауіпсіз еңбек» жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай биыл бірқатар облыстарда бастауыш кәсіподақ ұйымын құрылды. Бұл бастауыш ұйымдар әлеуметтік әріптестік қатынастарын одан әрі дамытуды және кәсіподақ қозғалысына белсене араласуды мақсат етіп отыр. Сол қатарда Павлодар облысында, Жамбыл, облысында, Алматы облысында бастауыш кәсіподақ ұйымдары шаңырақ көтерді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын, 2018 жылғы 18 сәуірдегі «НұрОтан» Партиясы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы Меморандумды және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «НұрОтан» Партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында «НұрОтан» Партиясы Павлодар облыстық филиалы және «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 2019-2021 жылдарға арналған Әлеуметтік ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Меморандумның мақсаты:

– Қазақстан Республикасы Президентінің ең басты құндылық адам болып табылатын әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған ауқымды институционалдық реформаларын жетілдірудегі және іске асырудағы мемлекеттік бағдарын қолдау.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында бастауыш партиялық және кәсіподақтық ұйымдардың беделін арттыру.
– «Нұр Отан» Партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» Партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмаларын түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жаңа құрылған бастауыш ұйымдар «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің әр облыстық филиалының құрамына кіретін болады.

Еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы органда бастауыш кәсіподақ ұйымы алғаш құрылып, әлеуметтік әріптестік қатынастарын одан әрі дамытуды және кәсіподақ қозғалысына белсене араласуды мақсат етіп отыр.

Бұл бастауыш ұйымдардың жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037