Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2098 0 пікір 11 Наурыз, 2019 сағат 20:38

Бірінші бастама: Қолжетімді баспана қарқын алып келеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 наурызы күнгі "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты Қазақстан халқына үндеуінде әлеуметтік жаңғыру жолындағы нақты қадамдарды белгілеп берген еді. 

Атап айтқанда, 1 - Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, 2 - Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, 3 - Жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, 4 - Шағын несие беруді көбейту, 5 - елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру.

Мемлекет басшысы өз жолдауында халықты баспанамен қамту мәселесіне жеке тоқталып, еліміз бойынша рекордтық көрсеткіштегі тұрғын үй салынып жатқанымен, оның жеткіліксіз екендігін айтқан еді.

Тіпті осы олқылықтың орнын толтыру үшін "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын ұсынған. Бұл тұрғын үй ипотекасының жалпы көпшілікке қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастама болды.

Қазіргі таңда жалпы құны 75 миллиард теңгені құрайтын баспаналық несиеге сұраныс келіп түскен. Ал өткен жылы елімізде 6,5 мыңға жуық азамат аталған бағдарлама бойынша баспана алуға өтініш берген.

Мемлекет басшысыныың тапсырмасынан кейін қолға алынған "7-20-25" бағдарламасы бойынша осы күнге дейін баспана алуға ниетті 4 мыңға жуық азаматтың өтініші мақұлданған. Яңғни тұрғындарға жалпы сомасы 45 миллиард теңгені құрайтын несие берілген. Ал қазіргі таңда мыңдаған отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанып үлгерген.

Десе де бұл бағдарламаға қатыса алмағандар да жоқ емес. Ол туралы "Баспана" ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникация қызметкері Айбар Олжай мырза баяндап берген еді.

"Қазіргі таңда 4 мыңға жуық пәтер алғашқы үш айдың ішінде сатылып кетті. Дәл қазір "7-20-25" бағдарламасы бойынша беріле қоятын пәтерлер жоқтың қасы. Айта кетейік, әр тұтынушының төлем қабілеттерін банктер өздері анықтайды. Өздері шешім шығарады. 2018 жылы елімізде 12 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Яғни, бағдарлама енді ғана қарқын алып келеді. Өткен жылы бағдарламаға белсенді қатысқан өңірлер - Астана мен Алматы қалалары, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары. Осы аймақтардың азаматтары жаңа пәтерлерге қол жеткізді", дейді Айбар Олжай.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, аталмыш мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алушылар үшін өңірлердегі баға айырмашылығының бар екені де жасырын емес. Сонымен, "7-20-25" бағдарламасы бойынша өңірлердегі орташа баға қандай?

Астана қаласы бойынша - 15 270 000,

Алматы қаласы бойынша - 12 900 000,

Атырау қаласы бойынша - 13 480 000,

Ақмола облысында - 8 170 000,

Қостанайда - 7 400 000,

Ақтауда - 7 900 000.

Сондай-ақ, несиелер 25 жылға дейінгі мерзімге берілетінін айта кету жөн. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында халықты несиелендірудің шектік сомасы 20 миллион теңгені құрайды екен.

Бүгінде аталған қалалар бойынша несие алудың орташа мөлшері 12 миллион 800 мың теңгені құрайды. Бұл дегеніңіз ай сайынғы төлем қүны 85-90 мың теңгеге дейін жетеді деген сөз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бірінші кезекте халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.

Елбасы өз жолдауында "жұмыс істей алатын әрбір азамат несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндігіне қарай төлей алатындай жағдай мен арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет" дегенді нақтылап айтқан болаты.

Осыған Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бірқатар жобаларды қолға алған. Енді аталмыш бағдарламаның өңірлердегі жүзеге асырылуы қалай жүріп жатыр деген мәселеге тоқталайық...

Ақтөбе облысында "7-20-25" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгені құрайтын ипотекалық несие мақұлданған. Аталмыш бағдарлама бойынша баспана алуға 451 өтінім қабылданып, олардың 243-і мақұлданған.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде таяу жылдары 800 мың шаршы метрден астам несиелік баспана салыну жоспарланған. Ал қазіргі таңда коммерциялық құрылыс салушылар 3000 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуде.

Ал "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша былтыр Ақтөбе қаласында 1317 несиелік патер салынған.

2019 жылы "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін 2528 пәтер салу көзделген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592