Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2998 0 пікір 17 Маусым, 2011 сағат 06:43

Бүгін - Шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күресудің дүниежүзілік күн

АСТАНА.  17 маусым. ҚазАқпарат  - Бүгін - Шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күресудің  дүниежүзілік күні.

1995 жылғы 30 қаңтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1994 жылғы 17 маусымдағы Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының қабылдануына байланысты 17 маусымды Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні деп жариялады.

Шөлейттену - қоршаған ортаның әлем бойынша аса қауіпті күйреу үдерістерінің бірі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта бойынша бағдарламасы мәліметтеріне сай, планетамыздағы құрлықтың төрттен бірі шөл далаға айналу қаупінде екен.

Қуаңшылық шөлейттенуге ұрындыруы мүмкін, бірақ басты кінә, әдетте, адамның іс-әрекеті болып шығады. Ол  - егістік жерлерді шектен тыс өңдеу, малды бей-берекет жаю, ормандарды кесіп құрту мен нәтижесіз суландыру.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарары барлық мемлекеттерге Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күнін шөлейттенумен және қуаңшылықтың зардаптарымен күрестегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысты конференциялардың, «дөңгелек үстел» мәжілістерінің, семинарлар мен көрмелердің құжаттық материалдары мен ұйымдастыру мәселелерін жариялау және тарату арқылы қоғамның хабардарлығын арттыруға арнауды ұсынады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560