Қош, Адуынкердің арланы
Ұлтымызда «сегіз қырлы, бір сырлы» деген ұғым бар. Жалған дүниенің жәрмеңкесінде бағы да, бабы да шапқан, айрықша талантымен ел көзіне түскен, өнердің қайсысынан болса да хабардар, хас таланттарды солай деуші еді. Осы заманның серісі деуге лайық бір жан болса, ол - әнші, ақын, сазгер, актер Ермұрат Зейіпхан еді. Маңдайының нұры шалқыған, дұшпанын мысы жасытқан аяулы бауырымыздан қапыда айырылып отырмыз. Ермұрат бауырымыз Қытайдың Үрімжі қаласына ем алуға барған сапарында қапияда көз жұмды. «Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде» деп жыр толғар кезінде, қылшылдаған қырықтың қырқасында ауыр жағдайда өмірден озды.
«Көк тудың желбірегені,
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені!» деп әз арманы мен аңсарын арқалап, Атамекеніне Тәуелсіздіктің алғашқы жылы оралған үркердей топтың басында болған да осы - Ермұрат Зейіпхан болатын. «Көк тудың желбірегені» әні арқылы ол күллі қазақ баласын отансүйгіштікке, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін ұғындырмаққа талпынып еді. Онысы еш кеткен жоқ. Жүрек тұсыңды шымырлатып, құйқылжып тұр сол әуен...
«Кейде өзіңе бұлданып, налушы едім, Күнес-ай,
Алыс кетсем мұңданып қалушы едім, Күнес-ай!
Бауырыңа бір барып енейінші, Күнес-ай,
Ұлтымызда «сегіз қырлы, бір сырлы» деген ұғым бар. Жалған дүниенің жәрмеңкесінде бағы да, бабы да шапқан, айрықша талантымен ел көзіне түскен, өнердің қайсысынан болса да хабардар, хас таланттарды солай деуші еді. Осы заманның серісі деуге лайық бір жан болса, ол - әнші, ақын, сазгер, актер Ермұрат Зейіпхан еді. Маңдайының нұры шалқыған, дұшпанын мысы жасытқан аяулы бауырымыздан қапыда айырылып отырмыз. Ермұрат бауырымыз Қытайдың Үрімжі қаласына ем алуға барған сапарында қапияда көз жұмды. «Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде» деп жыр толғар кезінде, қылшылдаған қырықтың қырқасында ауыр жағдайда өмірден озды.
«Көк тудың желбірегені,
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені!» деп әз арманы мен аңсарын арқалап, Атамекеніне Тәуелсіздіктің алғашқы жылы оралған үркердей топтың басында болған да осы - Ермұрат Зейіпхан болатын. «Көк тудың желбірегені» әні арқылы ол күллі қазақ баласын отансүйгіштікке, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін ұғындырмаққа талпынып еді. Онысы еш кеткен жоқ. Жүрек тұсыңды шымырлатып, құйқылжып тұр сол әуен...
«Кейде өзіңе бұлданып, налушы едім, Күнес-ай,
Алыс кетсем мұңданып қалушы едім, Күнес-ай!
Бауырыңа бір барып енейінші, Күнес-ай,
Көзім алды дымданып келейінші, Күнес-ай!» деген әнін естіген жанның тебіренбейтіні, ет жүректерінің езілмейтіні аз еді. Бұл ән - үркін-қорқынның талайын көрген, туған елі мен туған жерінен айырылудың не екенін талай мәрте бастан өткерген қазақтай қабырғалы жұрттың тарихына құрылған айрықша әуен еді. Бұл ән - бір елден бір елге қоныс аудару, өз топырағын, бабаларының басы жатқан қасиетті өлкені жаттың қолына тастап, үдере көшу - қоңсы ауылға көшіп барып қоныс тебуден мүлде бөлек қасірет екенін сездіретін симфониялық қуатқа ие шығарма еді. Қытайда қалған қайран жерді «...боташыңмен, бозыңмен, тік көтеріп төбеме әкетсемші-ай өзіммен» деп армандаған ақын жүректің ерте тоқтарын кім сезген?!
Адуынкердің Арланы едің, Сен!
Тамам елдің Тарланы едің, Сен!
Бақұл бол, бүгінгінің серісі!
Қош, Көк Тудың мәңгілік желбіреуін Алладан тілеп өткен абзал жан!
Сені елің ұмытпақ емес, жерің ұмытпақ емес!
«Абай-ақпарат»
Ермұрат Зейіпхан. Тоқтай көрме жүрегiм - тоқтай көрме
***
Қаңтар туған жанымды оттай көр де,
Тоқтай көрме жүрегiм -
Тоқтай көрме.
Iңiр реңдес тәнiмдi тастамағын,
Менен басқа жоқтай көк,
Жоқтай жерде.
Бүлкiлдетiп Ананың әз құрсағын,
Өмiр деп дүрсiл қақан сол бiр сарын -
Мың құбылған дүние, Дүр жалғанмен
Тiнi бiр - бағы өртеп, тоңдырса мұң.
Тiрлiктi бөлеп ызғар, мол жалынға,
Жүрегiң - күн секiлдi,
Ол - жану да.
Кеудемнiң оң жағы емес, ортасы емес,
Сыр бар-ау, орныққаны сол жағында.
Сен менi
Бiр бұйырған бақтай көр де -
Тоқтай көрме, жүрегiм,
Тоқтай көрме.
***
Бұл өмiрден озбақтың озды бәрi,
Озғандардың -
Қалғандар көз-құлағы.
Жалаң қылыш, жалаң төс бабалардың,
Өрлiгi ұрпақ қанын қоздырады.
Әуелде қонып жүрдiк, көшiп жүрдiк,
Даланы желмен бiрге есiп, жыр ғып.
Ат жалы, түйе қомы - шұбыр, керуен...
Жатар-ды шаң көтерiп есiл құрлық.
Ары да, берi де асып көкжиектен,
Атанжiлiк, атпалдар жол жүдеткен -
Тебiнгiсiн шiрiтiп оралатын,
Үш жұртына жүрегiн елжiреткен.
Ел шетiн басқан жаумен қидаласып,
Жан алысу, жан беру - бұл да нәсiп.
Есен-аман оралар аламандар,
Қара қос, қара бала қылған асық.
Бабам - дала қорғаны, орман, ығы,
Өстi, өндi ұрпағы, төл, мамыры...
Қанымызды қыздырған рух-күшi,
Аман сақта дегенi қолдағыны.
Жатта қалған iз, қорым, белес, белгi...
Қу жанды ой кемiрiп, егес жейдi.
Сары құрлық көз салсам алабына,
Бабаларым сайлауыт елестейдi...
ЖАҒДА-ДАСТАН
Ол туғанда күлдi ақпан,
Күш тебiндi құндақтан.
Ол өскенде ата жұрт -
Қалжыраған бұлғақтан.
Ел қайғысы тым батқан,
Ет жүрегiн тулатқан -
Қаламмен де, қарумен,
Жатқа қарсы үн қатқан.
Жаратқанға мың мақтан!
Жолын күнi-түн баққан -
Тәуелсiздiк ұлы арман,
Алаулады нұрлы ақ таң.
Жаңылмай тұлпар бiр баптан,
Қандырып шөлiн үр бақтан -
Жөнелдi тоқсан үшiнде,
Пәрмен келiп бiр хақтан.
Тына қалды тыңдатқан
Тағдырлы ән, қымбатты ән...
Пәкизат тән жеп-жеңiл, -
Өсиетi мың батпан!
ЖОҢҒАР ҚАҚПАСЫН КӨРГЕНДЕ
Қанша байлық кiсi бойы құбырмен,
Арғы жақтың аранына жүгiрген...
Бiз бiлмеймiз,
Бiлемiз тек Алладан -
Медет тiлеу атар таңмен, iңiрмен.
Қаншама жер қалды екен арыда,
Суарылған бабалар тер, қанына...
Бiз бiлмеймiз,
Тiлеймiз тек Алладан -
Кiр түспесiн Алашымның арына.
Қаншама орман бiздерге тән бұталып,
Қаншама арман үлгiре алмай тұтанып...
Бiз бiлмеймiз,
Тiлеймiз тек Алладан -
Даламыздан кетпесе екен құт ауып.
***
Босау үшiн санадағы әлектен,
Бiр Құдайға болыңдар деп тәуелдi.
Хақ жолында көз жастарын нәр еткен,
Пайғамбарлар ақын едi әуелгi.
Жаратқанның қанатының астында,
Дерт-дербезсiз олар жүрдi сенiммен.
Жыр жауһары - әлде ұқсап тасқынға,
Әлде аян нұры болып себiлген.
Көктен түскен - мұғжизе,
тәлiм, тағылым,
Әуелi сол елшiлерге берiлген.
Болар сосын күллi жұртқа мағұлым,
Әйтпесе олар ненi ұғып, не бiлген...
АЛАКӨЛ
(Найманғалиға)
Атың жетсе шарла қала, дала көр,
Бiрақ, қайда, мекенiңдей дара жер.
Өз-өзiнен қызғанатын қазекем,
Өзгелердiң көзқұрты ғой - Алакөл.
Нәр-тамырын жырламаса өлең бе ол,
Тұру керек қай-қашанда төбеңде ел!
Бұл Алакөл - бұла мiнезi ерлердiң,
Бұл Алакөл - ең таза, ең терең көл.
Барлық мұнда, Жоңғар Алатауы бар,
Беу, Барқытбел - сен деп көңiл ауырар...
Қабанбайдың терi, демi сiңген жер,
Төңiректен iзiн, балам, тауып ал.
Шыңғыс ханда мұнда малып кекiлiн,
Аялдапты жетi ай ма, жетi күн...
Ғарышкерлер зымыраннан түсе сап,
Көл нәрiмен толтырар кем-кетiгiн.
Ар жағы Арал, Көктұма ғой бiз жағы,
Көктұманың кетер ме естен тұз-дәмi...
Шiлде, тамыз - осында жүр, осында,
Шартараптың ең әдемi қыздары.
Ар ғой бұл көл - Таптатады арын кiм?!
Айбалтаңмын, қарыңа елiм тағынғын!
Мұнда туып, өспесем де, бағызы -
Исiн сезем, шiркiн, бабаларымның.
***
Медеу, бөген, жақтауда...
(Бiзге ендi бұдан жақын жақ бар ма).
Алматының иiсi сiңген иiндi,
Исiндiрiп Алатауым жатты алда.
Онда бiздер биiкте едiк тағдырдан,
Биiктедiк қол ұстасып қар-қырдан.
Шуақтанып, қуаттанып балқыдық,
Тек екеумiз, бар рахыман, бар нұрдан.
Ұмыттық бiз - Маңдайдағы жазуды,
Ұмыттық бiз - Шақырлаған азуды.
Тыныс алдық саф ауамен дуасыз,
Топтан оқшау пейiлi зәр, назы улы.
Өттi күндер....
Өттi ай, жыл...
Бақытты ек -
Ләззатты да,
Азапты да татып көп.
Қайда жүрсем, жарық шашып
ол тұрды,
Тағдырымның маңдайында
жаһұт боп...
(...Күн мен түндей, Алма-кезек сор бақыт)
Маған нұрын солғын шашып сол жаһұт -
Ашпай қойды - кездескенде қабағын,
Баспай қойды - бiргежүрген жолға түк.
Нәзiк едi, Одан қатты жоқ ендi,
Бiрiкпейдi екi айырылған жол ендi.
Мен өмiрдiң бұза алмадым бұғауын,
Ол бiреудiң iзiн бағып жөнелдi...
Медеу, бөген, жақтауда...
(Ендi бiзге одан алыс жақ бар ма?!.)