Туды қорғағанды қолдаудың орнына қорлады
Барлығымыз білетіндей, өткен жылдың желтоқсанында Талдықорғанда қазақ деген, Қазақстан деген азаматтардың жағасын ұстатындай жауапсыздық, саяси көрсоқырлық тіркелген болатын. Облыстық әкімдік алдындағы орталық алаңда жаңа жылдық шыршаны сәндеп жүрген қалалық әкімдікке қарасты коммуналдық қызмет саласындағылар көк байрағымыздан мешок тігіп, қоқыс салатын қапшыққа айналдырған еді. Бірінші кезекте облыстық «Жетісу» газеті дабыл қаққан масқара оқиға республикалық БАҚ-тарда да талқыланып, Парламент қабырғасында да сөз болғаны мәлім. Іске прокуратура араласып, коммуналдық қызметтегілер сот алдында жауап берген-ді.

Алайда, журналистер көтеріп, бүкіл ел көлемінде талқыланған мәселе облыс басшылығына ұнамады. Сол кезде-ақ, «Жетісу» газетінің жас журналисіне біраз шүйліккен шенеуніктердің өкпелері әлі тарқамапты. Күні кеше Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорғанда қаламдары енді ұшталып келе жатқан жас журналистердің облыстық слеті өтті. Құптарлық-ақ шара. Слетке журналисткаға енді-енді қадам басқандармен бірге есімдері елге танылып жүрген қарымды қаламгерлер мен теларнаның қызметкерлері қатысты. Осы жүздесу барысында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжиян Сүлейменова қасында журналистердің сөзін сөйлеп, ретті жерінде құқын қорғауға міндетті екі бірдей облыстық газет пен облыстық телеарнаның басшылары отырғанына қарамастан жоғарыда айтылған желтоқсандағы мәселені көтерген журналист қызға біраз ауыр сөздер айтып, оның уәж айтуына мұрсат берместен, «туды қорлағандарды жазып, облыстың мәртебесіне көлеңке түсірдің» деп біраз шүйлікті. Мұнысы жеті жылдық тәжірибесі бар журналист бойжеткеннің мысын басу арқылы, аудандық, облыстық газеттерге алғашқы мақалалары шығып, ақиқатты айтуда алдымыздан ешқандай кедергі кездеспес деп жалындап тұрған жас журланистерге доқ көрсету, «облыстағы кемшілікті бізбен келіспей жазсаңдар көретін күндерің осы» дегенді байқату екені анық. Ішкі саясат басқармасы бастығының: «Саған тапсырма берген кім екенін айтшы, осы жерде отырып-ақ жұмыстан шығарайын» дегені тіпті шектен шыққандық, журналистерді адамға санамағандық болды.
Өкінішке қарай, есімдері облыстан асып, республикаға да жақсы белгілі болатын дәрежеге жеткен Жақыпжан Нұрғожаев, Әміре Әрін сынды бас редакторлар өздерінен араша тілеп жаутаңдаған журналист қарындастарын қорғап бір сөз айта алмады. Қайта өздерінің азды-көпті жетістіктері мен бағыдырған биіктерін айтып, жастардың басын ауыртты. Басқа журналистер де жақ ашпады. Осыларға қарап отырған, жас журналистер өздерінше сабақ алғаны: биліктің кемшілігін көрсе де, көрмегендей болудың керектігін, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қана мақала жазу қажеттігін түйсінгені анық. Басшылар мемлекеттік туың, қап емес еден жуатын шүбереке айналса да намыстанбайтындықтарын, отырған орандыры үшін қарамағындағыларды биліккі байлап-матап беретіндіктерін тағы да байқатты. Басқа емес, журналистерге жетекшілік жасап отырғандардың жалтақтығы мен жағымпаздығы масқара тірлік екен ...
Слет делегаты.
"Абай-ақпарат"