Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2576 0 пікір 23 Маусым, 2011 сағат 08:32

Қазақ әдебиетінің қуанышы

Қазақ әдебиеті өзінің әлемдік әдебиеттегі тұғырынан қай заманда да тайған емес. Азаттықтың астарлы күресі алғы шебінде болған және қазақ ой мен сөзінің мәйегіне айналған кешегі әдебиетте сан елдің тіліне аударылып, сан мың сананы толғандырғаны ақиқат. Тәуелсіздік жылдарында да төл әдебиет жаңа кеңістіктегі сапарын жалғап келеді. Әдебиет - құнарлы ойдың, сәулелі сананың мәңгілік көші болса, сол көштің лек басынан жазушы Дидар Амантайды көреміз.

Қазақ оқырманынан лайықты бағасын алып, қазақ прозасының көкжиегін кеңейткен жазушының «Гүлдер мен кітаптар» атты кітабы ғалым Әбдуақап Қараның аудармасымен Түркияда жарық көріп отыр. Стамбұлда шығып отырған кітапқа «Гүлдер мен кітаптар» романы мен «Төлеутай ақсақалдың немересі» әңгімесі енген. Ал, жыл соңына қарай Францияда аталған кітаптың француз тіліндегі аудармасы сол елдің оқырмандарына жол тартпақ.

Қазақ жазушысының шығармаларының еуропа оқырмандарымен қауышуы қазақ әдебиетінің олжасы екені анық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485