Талдықорғанда “7-20-25” бағдарламасы бойынша 375 пәтерге сұраныс түскен
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Президенттің бес әлеуметтік” бастамасы атты Үндеуі бар. Әлеуметтің әлеуетін дамытуға негіз болған бұл бастама қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Үндеудің бірінші бастамасы – “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталады.
Яғни, қазақстандағы әр азамат отбасын құрғаннан кейін мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болмақ. Бұл тұрғыда әр өңірде өте іргелі істер атқарылып жатыр. Мәселен, биыл Жетісу өңірінде 800 мың шаршы метрге жуық баспана салынады. Өткен жылы ғана Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Құрылысшылар жыл ішінде-ақ, баспаналардың қабырғасын тұрғызып, басты жұмыстарын аяқтаған. Мұнда дәл қазір сексеннен астам өз ісінің мамандары үй ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Солардың бірі Гүлмира Башаева.Оның айтуынша, жұмысшылар таңертең жұмысқа сегізде келіп, алтыда қайтады. Бір-екі баспанаға 500-600 шаршы метрден келетін көрінеді. Ал, жұмысшылардың тапсырысы берілген көлемге байланысты, кейде ол тапсырыстар жүз мыңнан екі жүз мыңға дейін жететін көрінеді. Сондай-ақ, биыл Талдықорған қаласында 16 қабатты үш баспананың құрылысы аяқталады. Қазір, аталған ғимараттың сыртқы келбеті жөнделіп жатқан көрінеді. Ал, қаладағы ең биік саналатын нысандар да биыл пайдалануға берілмек. Бұл баспаналарға алғашқы алты айда 230 шаңырақ қоныстанады. Сөйтіп олар арман болған баспаналарына ие болмақ. Бұл тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы есебінде тіркелсе, ал, қалған жартысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “7-20-25” бағадарламасының негізінде тұрғын үйге қол жеткізбек.
Бұл тұрғыда Талдықорған қаласындағы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Тұрыспаевтың айтуынша, аталған үш нысанның құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған көрінеді. Қазір Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Нұрлы жер” бағдарламасының аясында құрылыс жұмыстары жасалып жатыр. Осы уақытқа дейін Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында “7-20-25” бағдарламасы бойынша 375 пәтерге сұраныс түскен. Ол өтініштердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметкерлер есебінен жүргізілген көрінеді.
Жалпы, биыл Алматы облысына “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 19,1 миллиард теңге қаражат бөлінген. Ол қаржыға 333 баспана салынып жатыр.
Ал, облыстық құрылыс басқармасының бастығы Дәурен Жолжановтың айтуынша, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың “Нұрлы жер” бағдарламасының шеңберінде 79,3 мың шаршы метр баспана салынып жатқан көрінеді. Ол салынып жатқан тұрғын үйлердің қырық екі мыңы несиелік үй ретінде беріледі. Яғни, 458 пәтер несиеге берілмек. Ал, салынып жатқан үйлердің 32 мың шаршы метр аумақты алып жатқан баспаналардың 405 і арендалық үй болып табылады. Оған қосымша, тапсырылатын коммуналдық пәтерлер саны 62.
Сонымен қатар, биыл Алматы облысында көпбалалы отбасыларға да үлкен көңіл бөлінбек. Әсіресе, көпбалалы аналарға берілетін баспана мәселесі жіті назарға алынатын болады. Алматы облысындағы көпбалалы аналарға арналған баспана салу үшін мемлекеттік қазынадан 5,6 миллиард теңге қарастырылған. Олардың 672 сі алтын алқа мен күміс алқа иегерлеріне баспана беру мәселесі үлкен қарқын алмақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуінде баспанасыз жүрген көп азаматтың арманы ақиқатқа айналу керек деген көреген сөздер айтқан болатын. Енді өңір басшылары сол арманды орындауға бет алғанын осындай әрекеттер арқылы байқауға болады.
Abai.kz