Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3076 0 пікір 23 Маусым, 2011 сағат 10:49

Ғаббас Қабышұлы. Сөзден шошынғанға ем қонбайды

Сөздің құдіреттілігі әу баста Құран Кәрімде айтылған. Қазекеңнің: «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Айтылған сөз жүйесін тапса, мал иесін табады», «Өткір сөз - семсер», «Сөз - атылған оқ», «Сөз қуаты - ой қуаты», «Қылыштан именбеген - қызыл тілден сескенеді»... деп, неше сан мақал-мәтел өрнегін тоқуына сол қасиетті кітабымыз қайнаркөз болған шығар. Ал менің бүгін осыған орайлас айтпағым - сөздің базбіреулерді шошындыратыны және шошымалы болғандарға ем қонуы екіталай екеніне көзім жеткендігі.

Бір ғана мысал.

Қазақта Әлімжанов Әнуар атты перзент болды. Дос-жолдастары: «Шетелдердің Әнуар барғанын табудан - бармағанын табу оңай», - деп әдемі де әділ әзілдегендей, барша құрлықта өшпеске ізі қалған Әнекеңнің мұрағатжайындағы көп хаттың бірі былайша сыр шертіпті:

«Құрметті Әнуар ӘЛІМЖАНОВ! Қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, тарихы хақындағы тамаша әңгімелеріңіздің бізге әсер еткені соншалық, естігендеріміз бір ғажайып суреттердей болып әлі күнге көз алдымызда тұр. Студенттеріміз Сіздің ерекше білімдарлығыңызға қоса, өте қарапайым қасиетіңізге қайран қалды, Сіз олардың жүрегін баурап алдыңыз!».

Эдвард С.МЕЙНАРД,

АҚШ университеттерінің Нью-Йорк бірлестігі

Қара студенттер қауымының профессоры.

29. 11. 1973 жыл.

Сөздің құдіреттілігі әу баста Құран Кәрімде айтылған. Қазекеңнің: «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Айтылған сөз жүйесін тапса, мал иесін табады», «Өткір сөз - семсер», «Сөз - атылған оқ», «Сөз қуаты - ой қуаты», «Қылыштан именбеген - қызыл тілден сескенеді»... деп, неше сан мақал-мәтел өрнегін тоқуына сол қасиетті кітабымыз қайнаркөз болған шығар. Ал менің бүгін осыған орайлас айтпағым - сөздің базбіреулерді шошындыратыны және шошымалы болғандарға ем қонуы екіталай екеніне көзім жеткендігі.

Бір ғана мысал.

Қазақта Әлімжанов Әнуар атты перзент болды. Дос-жолдастары: «Шетелдердің Әнуар барғанын табудан - бармағанын табу оңай», - деп әдемі де әділ әзілдегендей, барша құрлықта өшпеске ізі қалған Әнекеңнің мұрағатжайындағы көп хаттың бірі былайша сыр шертіпті:

«Құрметті Әнуар ӘЛІМЖАНОВ! Қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, тарихы хақындағы тамаша әңгімелеріңіздің бізге әсер еткені соншалық, естігендеріміз бір ғажайып суреттердей болып әлі күнге көз алдымызда тұр. Студенттеріміз Сіздің ерекше білімдарлығыңызға қоса, өте қарапайым қасиетіңізге қайран қалды, Сіз олардың жүрегін баурап алдыңыз!».

Эдвард С.МЕЙНАРД,

АҚШ университеттерінің Нью-Йорк бірлестігі

Қара студенттер қауымының профессоры.

29. 11. 1973 жыл.

Мұрағатжайындағы мақалалар, жазба, аударма және хаттармен танысу барысында мен өмірде өте қарапайым болған қаламдас ағаның адами қадір-қасиетін, қаламгерлік күш-қуатын тани түстім. Алған әсерімді қысқаша айтсам:

- біріншіден, Әнекеңнің халықаралық деңгейде танымал болғанын аса жылы лебізбен әңгімелеген хаттарға сүйіндім (рас, кереғарлықсыз өмір болған ба, өзімізден, Ресейден әлдекімдер Әнекеңе: «Сен ұлтшылсың! 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы үшін басшыларды кінәладың, жан керек болса, басқа жаққа кет!» - деп жауыға, қорқыта хат жіберіпті);

- екіншіден, Қорқыт ата мен Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім, Құрманғазы, Махамбет, Жамбыл, Шоқан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және бергі ақын-жазушы аға-інілері жөнінде орыс оқырмандарына кең таныстыра танымды мақалалар жазған;

- үшіншіден, Әнекең 1989 жылғы шілдеде Семей қаласында өткізілген халықаралық конференцияда және 1990 жылы Ұлыбританияның Қауымдар палатасында әдетінше жалындап сөйлеп, Семей полигонын жабуды және дүние жүзінде атом-ядролық қару жасауды, сынауды тоқтатуды талап еткен;

- төртіншіден, Сәкен Сейфуллиннің екі әңгімесін, бір хикаясын және Бейімбет Майлиннің «Шұғасынан» орыс тіліне үзінді аударған;

- бесіншіден, Қазақстанына, қазағына күйе жаққандарға дереу қарсы тұрып, «Литературная газета» мен «Комсомольская правда» газеті бетінде жауап берген;

- алтыншыдан, қазақ әдебиетінің жас таланттарын, арқалы ақындарын КСРО-дағы және шет елдердегі қаламдастарына танытуға күш салған (мәселен, Мұқағали Мақатаевтың 55 өлеңі мен 3 дастанын орыс тіліне аудартып, өзі алғысөз жазып, «Зов души» деп атап, Мәскеуден шығартқан);

- жетіншіден, өзіміз атын атаудан жасқанып жүрген жылдары «зарзаман» жырауларының және беріректегі «ұлтшыл, кертартпа» ақындарымыздың кейбір өлеңдерін орысшалатып, Ленинград баспасынан «Поэты Казахстана» деген атпен жинақ етіп шығарудың жолын тапқан.

Тізе берсек, игі істері мол. Азия мен Африка жазушыларының кезекті конференциясын Алматыда өткізуге, Әл-Фараби бабамыздың 1100 жылдығын тойлауымызға мұрындық болғаны - өз алдына кең арналы әңгіме. Мұхтар Омарханұлы Әуезов: «Егер 1-Петр Еуропаға терезе тескен болса, Әнуар Әлімжанов Азияға айқара ашты!» - деген екен (жорналшы Светлана Николаеваның естелігінен). Әнуардің бүкіл Африка мен Таяу Шығысты аралап, олардың азаттық үшін бітіспес күрес жүргізген, жеңіске жеткен жауынгерлері сапындағы ақын-жазушыларымен танысып, тіл табысып, достасып, ол елдерде ұлттық әдеби ұйымдардың құрылуына, қалыптасуына жәрдем жасағанын, шәкіртінің Африканың оянуынан өз елінің кеңестік империяның шідерінен құтылғанына куә болғысы келгенін көрсе, онда Мұхаңның: «...Әнуар Әлімжанов - Азия мен Африкаға айқара ашты!» дері сөзсіз еді-ау!.. Егер шәкіртінің КСРО-ны ыдырату жөніндегі қаулыға Кремльде отырып қол қойғанын көрсе ше?!.

Ал студент Әнуардың Мұхтар Әуезовті 1953 жылдың көктемінде КГБ деген пәлекеттің қара құрығынан құтқарып, Мәскеудегі досы А.Фадеевке жасырын аттандырып жіберген ерлігі жұртшылыққа 1997 жылы баспасөз бетінде паш етілсе де, мұхтартанушылар әлі күнге елемей келеді.

Мұхаңның аман қалуына Әнуардың қатысы болмаған сияқты. Жазылып жатқан әдеби, ғылыми мақалалар мен кітаптарда, түсіріліп жатқан фильмдерде аты-жөні аталмайды. Жазғыштардың қайсыбірі өзі құтқарған тәрізденеді, қайсыбірі сол тұстағы үлкен лауазымдыларды құтқарушы етеді. Шындық болса, ол Мұхаңның өз сөзінде. Мұхаңмен тонның ішкі бауындай болған Әлжаппар Әбішевтің нақты деректі «Шерлі шежіре» кітабында мынадай жолдар бар:

«...Ол (Мұхтар Әуезов. - Ғ.Қ.) іштегі шерін осылай ақтарып болғаннан кейін барып аздап жадырап, дауысы да жайдары шықты:

- Мен үшін басын балтаның астына тосқан Әнуардың азаматтығына өлсем топырағым разы!

- Ол не істеді?

- Егер ол қашып кетудің алуан түрлі айласын таппаса, мен қазір Мәскеудің мынандай төрінде емес, Алматыдағы түрмелердің біреуінің түбінде отыратын едім, - деді де, сағатына қарады...».

Кейбіреулердің бұған мән бермейтінін түсінсем де, менің түсіне алмай жүргенім - Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің өзіне анық мәлім осы ақиқатты неге айтпайтыны.

Әнуардың туғанына былтырғы мамыр айында 80 жыл толды. Біз одан бір жыл бұрын (2009 жылы) Ақпарат министрлігіне, Жазушылар одағына хат жазып, мемлекет және қоғам қайраткері болған Ә.Әлімжанов тойын республикалық дәрежеде атап өту жөн боларын айттық. Алдын ала олай өтініш жасауымыздың себебі - қаламгердің 70 жылдығы аудан деңгейінде ғана өткізілгеніне куә болып, жағамызды ұстағанбыз. 80 жылдығы былтырғы қараша айында Алматыда, драмтеатрда «өткізілді» деу үшін ғана керек жиналыс болып тынды. Әнуар туып-өскен Талдықорған жақтың «қаражат жоқпен» қаңтарылып қалған түрі бар.

«Қаражат» дегенде, «Мерейтойын өткізуге кіріскелі Мұқағали күнде жанымда жүргендей сезінемін» деп аталған сұхбат есіме түседі («Алаш айнасы» газеті, 09.02.2011 ж.). Ол сұхбатта Алматы облысының әкімі Үмбетов Серік ініміз (бүгінде қызметі өсіп, Астанаға қоныс аударды, құтты болсын!) ақын ағаның 80 жылдығына дайындықты бір жыл бұрын қолға алғанын айтыпты. Жөн! Ақ иық ақынымыздың үштомдығын шығарыпты. Дұрыс-ақ! Мұражайын күрделі жөндеуге, онда мәжіліс залын салуға, экспонаттарын жаңартуға жиыны 133 миллион теңге бөліпті. Бәрекелді! Мерейтойдың осы жазда Қарасазда, Жетісу өңірінде, Астанада, Атырауда, Семейде, Шымкентте өткізілетінін оқып біліп, қатты қуандым. Мұқаңды аға тұтқан, інісіндей қызмет еткен қаламдастарының бірі болып едім. «Мен сенің Өскемендегі ағаң Қадеспен құрдас болсам, сен менің Қарасаздағы Тоқтарбай ініммен құрдас екенсің, сен де - менің інімсің!» - деген аға аруағына көрсетіліп жатқан құрметке неге қуанбайын?!. Алайда: «Мұқағали Мақатаевтың теңдесі жоқ ақын екендігіне, меніңше, ешкімнің қарсы айтар дауы жоқ»; «...қазақта туған күні жыл сайын аталып өтетін бір ақын болса, сол ақын Мұқағали дер едім», - деген әкім мырза кезінде Мұқаңа да қамқоршы болған Әнуар Әлімжановтың 80 жылдығына көңіл аудармады.

Өткен аптада Жазушылар одағының басшыларына телефон шалып:

- Әнуар Әлімжановтың мерейтойы орталау деңгейдегі бір жиналыспен тынып, жетім қыздың тойындай болды-ау! Міне, жыл өтті, Талдықорған жақ үнсіз, - деп едім:

- Шын ба? - деген таңданыс естідім.

«Шын ба?». «Қазақ әдебиеті» гәзетінде екі жыл бас редактор болып, Жазушылар одағын сегіз жыл басқарып, қазақ әдебиетінің өрісі кеңеюіне мол үлес қосқан Әнуар Әлімжановтың 80 жылдығына газет сол күні ең болмаса бір бетін арнаған жоқ. Одақ болса, таңданумен отыр.

Мұндай немкеттіліктің себебі неде? Ол Әнекеңнің екі ауыз сөзі биліктің қара дәптеріне жазылып қалғаны дей аламын.

Кейбіреулер: «Ә.Әлімжанов 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін түсінбеді, Мәскеудегі «Литературная газетада» жарияланған мақаласында жастарымызды кінәлады», - деп ұшқары пікір айтып жүр. Бекер! Аталған газеттің редакциясындағылар СОКП Орталық Комитеті бөлімінің нұсқауымен автор ойына кереғар ұғымды бірнеше сөйлемді қосып жіберіпті. Оған қарсылығын Әнекең соларға дереу айтты да, жазды да. Керісінше, жастардың көтерілуіне, жазықсыз жазалау, қан төгу болғанына Мәскеу мен Алматы партократтарының тікелей кінәлі екенін ашынып батыл жазған алғашқы азаматтарымыздың бірі - Әнуар! Ол 1987 жылдың басында «Комсомольская правдадағы» мақаласында былай деген:

  • «...Это страшнее, чем грандиозное стихийное бедствие... во время стихийных бедствий люди проявляют лучшие человеческие качества, свое единство. А декабрьские события вселили в нас тревогу, отчужденность, показали, насколько зачерствели, заплесневели наши души. Зараза приспособленчества и потребительства, протекционизма и родофильства очень живуча. Она порождает клановость, вождизм... В морально-нравственном падении высших кругов нашего республиканского руководства, в коррупции и трайбализме, землячестве и взятничестве, охватившим высшие сферы нашего общества... виновна не молодежь. В этом отчасти виновны и мы с вами, но больше все те же чиновники, сидевшие на хламе власти».

Бұл - бірінші сөзі.

Ә.Әлімжанов бір жайтты әр газетке әрқалай жазған емес!

Қашан, қайда болсын, қатты толқынысты үлкен жиындарға билік өзінің жалдамалы арандатушыларын жіберетіні ежелден белгілі. Желтоқсанда алаңдағы жастарымызды аяусыз жазалауға қалалық, аудандық партия комитеттерінің нұсқауы бойынша темір таяқпен қаруланған жұмысшылар (негізінен, орыстар) қарсы шығарылғаны кейінгі тексеру барысында мәлім болды емес пе? Әнуардың: «...К толпе примкнули» дегені - сол сойқандар!

Екінші сөзі:

  • «...Бывшие работники партийных верхов стали причастными к дележу - кто в меньшей, кто в большей степени - бывшей партийной казны, ее имущества. На деньги партии открыты коммерческие структуры... Распродается национальное богатство... Мы не против рыночных отношений, но нельзя же допускать безудержного хищничества, тотальной коррупции, вопиющего беззако- ния - словом, беспредела!.. У нас произошло что-то антиисторическое. Мы уничтожили все до основания. Не только экономику, но и науку, и культуру, и литературу тоже... Полное единоначалие и подчинение сверху донизу... Да, мы все разрушили. А что предложили взамен? Говорят, сейчас переходный период. Но куда переходим-то? К цивилизованному рынку ли? А может, в феодальное прошлое? Пока что переступили порог дикого капитализма, основанный на перекупле, перепродаже, на спекуляции, где утверждается закон джунглей. Стали страной воров...».

(«Қазақ мемлекеті» -

«Республика» газеті, 1993 ж.).

Міне, мәселе осында.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 23 (106) 22 маусым 2011жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485