Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бәсе... 4682 14 пікір 5 Маусым, 2019 сағат 08:47

Президент жарлығы һәм Абай – қазақтың ары, ұяты...

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  алғашқы Жарлықтарының бірі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын елімізде және Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеу туралы болғаны халықтың рухын асқақтатады деп білем.

Ұлыларды ұлықтап, даналарды төрге оздыру ұлтымыздағы ерекше дәстүр, руханиятымызды жаңғырту.

Бәріміздің есімізде Ұлт кемеңгерінің 150 жылдығы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасының бастамасымен зор табыспен мерекеленді. ЮНЕСКО деңгейінде тойланып, әлем алдында қазақ халқы марқайды.

Енді міне, 175 жылдығы да келіп қалыпты.

Ел тізгінін алған жаңа Президенттің оған айырықша назар аударуы идеологиямыздың әлсіреп тұрған тұсында жақсылықтың бастауы. Бірінші күннен мәдениет пен өнерге, ұлттық рухани қазыналарға көңіл бөліп отырғаны алдағы уақытта рухымызды көтеріп, әлем алдында Қазақстанның мәртебесін асыратынының айғағы.

Бәленбай ұлтты бауырына сыйғызып, Ассамблеяны асқақтатып отырған Қазақстанның бір ұраны – Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – деген нақылына саяды.

Ғасырдан асса да кемеңгердің «Қара сөздері» ұлттың өміріне майшамдай жарқырап, санасына жол ашып келеді.

Абайдың мұрасы біздің темірқазығымыз!

Соған қарап қазақ бағыт түзейді.

Абай қазақтың ары, ұяты, әлем алдындағы абыройы!

Президенттің Жарлығы соның айғағы.

Сәуле Досжан, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

 

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566