Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3392 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 08:06

Дамира Жидебаева: «Жер басып, жүргім келеді»

  • МЕЙІРЛЕН, АЛАШ!

Аса мейірімді Алаш баласы!

Біздің халықтық болмысымызға қай заманнан да қандас қарындасын тағдырдың тәлкегіне тастап, жақынының жанарындағы жас пен мұңға жаны жібімес безбүйрек мейірімсіздік жат мінез. Қазақтың кеңдігі оның төгіліп тұрар мейірімі мен жат та болса жатырқамай қиналған қиын шақта аузынан жырып беріп, көмекке жүгіретіні. Осы асыл мінезіміз ұлт болып ұйысуға, ұрпақтың ғұмырын ұзартуға негіз болғанына кәрі тарих куәгер.

Замана толқыны қанша аунаса да тәні мен жанының, санасына мың батпан жүк болған жертөле тұрмысының ауыр халіне тап болған бауырлар біздің де қоғам аз емес. Үмітіне иек сүйеп, Жаратқанға жалбарынумен жалғанның бес күніндегі ауруына дауа, арқасын аяздай қарыған қиыншылығына жеңілдік іздеген қазақ баласына титтей де болса көмегі тиер, тумысынан ұлт жүрегі мейірге толған жұрт жақыны мен бауырына қолынан келгенше қарайласар деген ізгілікке толы ниетпен «Мейірлен, Алаш!» деген атпен арнайы айдар ашып отырмыз.

Бұл айдар - тағдырдың тауқыметін тартып, көзінен жасы құрғамай, көңілінен мұңы сейілмей, кеудесінен күрсінісі кетпеген әр қазақтың ағайын, жұртына деген жан сөзін жеткізеді. Қарайған қазақты ет жақыны көретін қайырымды жұрт «көп түкірсе - көл» дегендей, бір қазақтың тағдырына араша түсер, жыртық үмітіне жамау, ертеңіне деген ойына демеу болар деген ойдамыз.

«Мейірлен, Алаш» айдарының алғашқы санында он сегіз жыл бойына қара жерге табаны тимей, қанаты қырқылған құстай күй кешіп келе жатқан қазақ қызы Дамира Жидебаеваның жанына батқан дертіне араша сұрап отыр.

Мейірлен, Алаш!

«Абай-ақпарат»

Оның қос дөңгелекті арбаға таңылғанына 18 жыл  толды. Осынша жыл жер басып көрмеген ол екі аяғын арбаға  алмастырғанда оң-солын танып үлгермеген балғын еді. «Әлі-ақ айығып, ортаға қосыламын» деген тәтті үміт жетегінде жүргенде жасының отыздан асқанын да байқамай қалды. Тірнектеп жиған тиын- тебенімен сан дәрігерге қаралып, алданып жүргенде өмір арбасы оны дөңгелетіп жөнеліпті. Анадан он екі мүшесі сау туған Дамира өмірінің жартысынан көбін, жалынды жастық шағын жарымжан күйде өткізді.  Ел қатарлы екі аяғымен жүрсем деген арманымен қоштастырған ақ халатты деп әсірелейтін дәрігерлер болатын. Бесінші сыныпқа қадам басқан жылы асқынған минигитке шалдыққан оған дәрігерлер полеартрит деген диагноз қояды. Ауруын дөп басып таба алмаған соң, дәрі дәрмек кері әсерін берген Дамираның оң қолы мен сол аяғы істен шығып, жүруге жарамсыз болып қалды. Осылайша,  дәл диагноз қоя алмаған білімсіз әрі өзі ісіне, адам тағдыры мен денсаулығына жауапкершіліктен ада, жүрдім-бардым қараған жандардың кесірінен   елдегі мүгедектер саны тағы бір адамға артқан еді. Алладан емес, адамнан келген ауруға мойынсұнып, өмірінің соңына шейін мүгедек болып өтуге, арбасынан ажырамауға Дамира еріксіз келісер еді... Егер, аяғында жан болмаса... Дамираның арпалыспен өткен өміріне шырай кіргізіп, шыдамын арттыра түскен, жарық дүниеден талай рет көңілі қалған сәттерде райынан қайтарған бір ғана нәрсе бар. Ол  -  аяғындағы жаны.  Екі аяғы ештеңені сезбегенде, өмірді тек арба үстінен тамашалауға көндігер еді... Бүгінде Дамира Жидебаева бірінші топтағы мүгедек. Еңбекке араласуға қабілеті жоқ. Мүгедектігі үшін мемлекеттен алатын 24 мың теңге оның аяққа тұрып кетуіне жеткілісіз. Кентаудан үміт жетегімен Алматыға келген ол, аяғына жасайтын ота құнының аспандап тұрғанын айтады. Тек қана тіркелу үшін жүз мың (100,000) теңгені санап беру керек. Ал, бір жыл бойына емделіп, протез киюге арналған курстан өтіп, ота жасату үшін ай сайын екі мың (2000) доллар көлемінде қаражат керек.   Жалғыз зейнетақы азаппен өрілген өмірінің жыртығын жамауға мүлде жетпейді. Ал, отаны тіпті ойламай-ақ қойыңыз. Дамира қазақтың мейірімді, жанашыр азаматтарынан жәрдем беруін өтінеді. Мүгедектерге тегін болғасын, шетелге шығуға жарайтын куәлік дайындату үстінде. Бірақ, Дамираның жас жаны Қытайға барып емделу тек арман күйінде қала ма деп қорқады.

«Абай-ақпарат»

Дамира Жидебаеваға көмек бергісі келетін азаматтар төмендегі БТА банктің карточкалық нөміріне ақша аударуларына болады.

512 801 520 112 30 01

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364